Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз керек

233

«Осы орайда мен үш мәселеге тоқталғым келіп тұр. Біріншісі, білім саласы. Әсіресе үздіксіз білім беруге ерекше мән берілді, —

дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Президент қазіргі қалыптасқан онлайн білім беру жүйесіне қатысты өзінің сыни пікірін айтты. Біз елді аралағанда бұл мәселені көтергенбіз.

Қазір біз қалыптасқан дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз керек. Менің ойымша, ата-аналардың келісімімен балаларды дәстүрлі білім беруге көшіруге мүмкіндік бар деп есептеймін.

Екінші мәселе, жергілікті өзін-өзін басқару. Бұл бағыттағы заң бізде бар, бірақ формалды түрде қолданылып келген. Президент осы мәселеге айрықша назар аударып, ауыл әкімдерін халықтың пікіріне сүйене отырып сайлау мәселесін алдағы жылы енгізу қажет екенін айтты.

Жолдауда ұлттық құндылықтар мәселесі де көтерілді. Мемлекет басшысы келешек адал, білімді, кәсіпке бейім ұрпақ тәрбиелеу ісіне араласуды барлық қоғамдық институттарға жүктеді.

Парламент өз тарапынан Президенттің тапсырмаларының заңдық тұрғыда тұжырымдалуын жан-жақты қарайтын болады».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз