Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды – министр

Оның пікірінше, науқасқа қасақана және күтпеген жерден зиян келтіру деген ұғымды бөліп қарау керек.

“Біз дәрігерлік қателіктің кеткенін анықтай білуіміз керек. Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды. Мұны біз нық сеніммен айта аламыз. Өйткені дәрігердің де қателесуге құқығы бар. Ешуақытта да 100 пайыз диагноз қойып, қандай емдеу жолы сенімді екендігін білу мүмкін емес. Денсаулық сақтау жүйесі дамыған көптеген елдердің тәжірибесі аталған қателіктерді анықтауға бағытталған. Олар декларацияланады, қарастырылады және қызметкерлерді оқыту үшін шаралар қабылдайды. Бірақ, жазалау үшін емес”, – деді Елжан Біртанов.

“Егер біз дәрігерлік қателік үшін жазалайтын болсақ, онда дәрігерсіз қаламыз, бұл анық. Менің өзім тәжірибелі дәрігер, бұрынғы реаниматолог ретінде адамдардың қателеспейтін кезі болмайтынын айтамын. Бұл, технологиялардың жетіспеушілігі мен білім деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты. Сондықтан да дәрігердің дұрыс медициналық көмек көрсетуге мүмкіншілігі болғанымен, оны қаламағандықтан салғырттыққа жол бергендігін бөле қарастыру қажет. Медициналық көмек көрсетуге тырысып, қателікке бой алдырғанын да бөліп қарастыру керек. Меніңше, ол кезде ешқандай да қылмыстық жауапкершілік болмауы тиіс” – деді Елжан Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз