Алматыда “Март” сауда орталығының үшінші қабатынан құлаған қыз жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұл туралы
Tengrinews.kz тілшісіне қалалық №1 балалар клининкалық ауруханасының дәрігерлері айтты. Дәрігерлердің айтуынша, қызға ота жасалды.
“Баланың жағдайы ауыр. Әлі есін жиған жоқ”, – деді дәрігерлер.
Еске салайық, 12 қазанда Түрксіб ауданындағы “Март” сауда орталығында төтенше жағдай болған – бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Әйел адамның айқайынан соң, барлығы сонда жүгірген. Бір бала бесік арбада болған, ал екіншісін көтеріп келе жатқан. Ол төртінші қабатқа эскалатормен көтеріліп келе жатқанда қолындағы баласы құлап кеткен. Сондай-ақ, құлап кеткен баланың бір жасар қыз екені айтылады.