Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған

Науқастың айтуынша, дәрігерлер мұның жеңіл ота екенін, уайымдамауға болмайтынын айтып сендірген. Алайда отадан соң жағдайы одан әрі үдей түскен. Есінен танып қалып, жансақтау бөлімінде өз есін жиған. Айтуынша, хирургтер қателігін мойындап, өлі етпен бірге ішектің жартысын кесіп алып тастағанын айтқан.

Науқастың ұлы полицияға арыз жазды. Мақсат Темірғалиев анасына моральді және материалды тұрғыда өтемақы талап етіп, тегін емдеуді сұрайды.

«Дәрігерлердің кесірінен анам жартылай мүгедек болып қалды. Дәрігерлер бір жерін емдесе, екінші жерін құртады», – дейді ұлы.

Науқасқа ота жасаған емхананың жетекші қызметін атқарушысы өзара тергеу жүргізетінін айтты. Айтуынша, егер дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе, олар жазасын алатын болады.

«Біз бұл іс бойынша тергеу жүргіземіз. Маған ешкім келіп шағымын айтқан жоқ. Бұл туралы әңгіме болған емес», – дейді емхананың басшысы міндетін атқарушы Гаухар  Көшкімбаева.

Емхана жетекшілігі науқасқа көмектесетінін айтты. Ондай жағдайда Қарлығаш Халықова полицияға жазған арызын қайтарып алмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз