Дәрігерлер келіншекті босандырған кезде баланың басын жұлып алған.
Оқиға Аргентинада болған екен.
Ерлі-зайыптылар қонаққа барған. Келіншек жүктіліктің 22-ші аптасында болған. Сол жерде аяқ астынан ауырлықты сезінген. Дереу сол маңдағы ауруханаға барған. Келіншек дәрігерлерге босанатын уақытына әлі ерте екенін және толғақ қыспағанын айтып, баланы кесір тілігімен алуды өтінген.
Бас дәрігер ауруханада кесір тілігін жасайтын ешкім жоқ екенін айтып, табиғи жолмен босандырмақ болған. Толғақ болмағаннан кейін келіншектің ішін басып, баланы тартқылай бастаған. Бір кезде баланың басы жоқ денесін алып шыққан. Баланың аяғын көріп үлгерген келіншек ештеңе түсінбей қалған. Ал дәрігер қызметкерлерге келіншекті операция бөлмесіне апару керектігін айтыпты. Ең соңында ерлі-зайыптыларға ешкім ештеңе түсіндірмеген. Тек баланың бөлшектелген денесі салынған қорапты ұсынған.