Ақтөбе облысында 10 маусымда менингококк инфекциясына күдікпен ауруханаға түскен бүлдіршіннің диагнозы расталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.
«Қазіргі уақытта науқас облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасының жан сақтау бөлімінде емін жалғастырып жатыр. баланың жағдайы тұрақты. Оң өзгерістер бар екенін айтуға болады», – делінеді хабарламада.
Ауру ошағында індетке қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.