Дәрігер адам өліміне алып келетін вирусты тағы бір қырынан көрсеткісі келді. Оның айтуынша, өкпенің тек бір бөлігінде ғана дамитын қарапайым пневмонияға қарағанда, бұнда екі өкпенің де үлкен аумағының зақымданатынын көруге болады.
«Бұл 50 жастағы еркектің өкпесі. Бастапқыда оның жөтелі құрғақ болған. Респираторлық белгілерінің қарқынды түрде артқаны соншылық, емделушіні жедел ӨЖЖ аппаратына қосу қажет болды» — дейді дәрігер Мортман.
«Мен шынымен де, вирустың әсерінен болатын аурудың қаншалықты ауыр екенін және өкпеге тиетін зиянның көлемін басқалардың да түсінгенін қалаймын. Адамдар үйлерінде сауық-сайран ұйымдастырудың немесе жиналып көшеге шығудың алдында мың мәрте ойланса екен», — деп түсіндірді дәрігер.