Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Дариға Назарбаева кеншілердің наразылығына қатысты пікір білдірді

“Шахтерлердің қойып отырған талаптарын білеміз, олар жалақыларын 100 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Бірақ мұнда комбинаттың өзіндегі экономикалық жағдайды да ескеру қажет. Ал біз ол туралы білмейміз. “АрселорМиттал Теміртау” да бұл мәліметті жарияламай отыр – жалақыны 100 пайызға өсіруге экономикалық мүмкіндіктері бар ма , жоқ па. Қандай жағдай болсын, мен екі тараптың бір шешімге келіп, мәмілеге келгендерін қалаймын”, – деді Назарбаева.

“Мен Сағынтаевтың бұл мәселені бақылауға алғанын білемін. Компания әкімшілігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Министрлер де пікірлерін білдірді. Сондықтан бұл мәселе осылай қалып қалмайды. Компанияның сотқа беруге құқы бар, оларға ешкімнің бас тартуға құқы жоқ. Бұл істі әрі қарай сот шешер. Әрине, министрлік өкілдері қазір сол жаққа барып, екі тараппен де келіссөздер жүргізуі керек еді”, – деді Сенат депутаты Дариға Назарбаева.

Айта кетсек, бұған дейін 600-дей шахтердің жер астында қалып отырғаны хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз