Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-10
USD
498
-3.43
EUR
519
-1.52
RUB
5.44
+0.11

Данияр Елеусіновтің кезекті айқасы тікелей эфирде көрсетіледі

118

Бұл туралы аталған телеарнаның ресми сайты мәлім етті.

Аталған хабарламада «Монакодан тікелей көрсетілімді «Хабар» арнасы көрсетеді. 24 қараша күні сағат 01:00-де шаршы алаңдағы тартысты кездесуді өткізіп алмаңыздар!», – деп жазылған.

Қазақстандық боксшының қарсыласы – никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО). Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады.

Елеусіновтың бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан болған.

Елеусінов – Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 20 қазанда Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренада американдық боксшы Мэтт Доэртимен (8-6-1, 4 КО) кездесіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз