Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Данияр Ақышев: Зейнетақы қорының салымшыларына таңдау еркін береміз

Ол зейнетақы активтерін басқару институттары мен  инвестициялау моделін таңдауға әсер ететін бәсекелестік қағидаларын қалпына келтіру керек деп есептейтінін жеткізді.

«Қазір салымшыларда таңдау жоқ. Зейнетақы жинақтары бірден БЖЗҚ-ға бағытталады, олар не қаржыларын басқаратын ұйымды, не инвестициялық стратегиясын таңдай алмайды. Салымшылардың орнына барлық шешімді мемлекет қабылдап, барлық тәуекелді өз мойнына алады. Міне, сондықтан біз президенттің ұсынысымен зейнетақы активтерін жекеменшік я шетелдік компанияларға табыстау жобасын іске асырғалы жатырмыз», — деді ол.

Ұлттық банк төрағасы сөзін аяқтай келе өзін зейнетақы активтері нарығындағы бәсекелестік және салымшыға таңдау еркін беру идеясын жақтайтындардың қатарында екенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз