Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Данияр Ақышев: халықтың инфляциялық күтуі төмендеуде

Бұл заң жобасының негізінде жатқан ел экономикасы дамуының нақтыланған болжамдарын Ұлттық Банк пен Үкімет бірлесіп келісті деп атап өтті, сондай-ақ Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының ағымдағы өзекті аспектілері туралы баяндады.

«Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу саясатын жалғастыруда және теңгенің айырбастау бағамының еркін режимін ұстауда. Ұлттық Банктің негізгі басымдығы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ұлттық Банктің шаралары жылдық инфляцияны белгіленген дәлізде ұстап тұруға бағытталған», – деді Д. Ақышев.

Ол ағымдағы жылғы наурызда жылдық көрсеткіш бойынша инфляция 6,6 процент болды, ол 2018 жылға белгіленген 5-7 процент дәлізге сәйкес келеді. 1 тоқсанда ол 1,8 процент болды. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі деңгейден төмен.

«Халықтың инфляциялық күтуі төмендеуде. Халық арасында жүргізілген пікіртерім нәтижелері бойынша бір жыл алға күтілетін инфляция 2017 жылғы желтоқсандағы 7,1 проценттен 2018 жылғы наурызда 5,8 процентке дейін төмендеді. Орта мерзімді перспективадағы қолайлы үрдістер мен болжамдар ақша-кредит саясатын жеңілдетуге ықпал етті», – деді Ұлттық банктің басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз