Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Данияр Ақышев қызметтен өзі қуған қызметкердің дұрыс айтқанын мойындады

2015 жылғы валюта дағдарысы кезінде Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы елдегі Ұлттық әл-ауқат қорының тиімділігін арттыратын жоспар ұсынған.

2014 және 2015 жылдар аралығында Ұлттық банк құнсызданып жатқан теңгені қолдау үшін қорлардағы 40 млрд долларға жуық қаржыны жұмсады. Мұнай бағасының құлдырауы 2014 жылғы маусынан 2016 жылғы сәуірге дейінгі аралықта қазақстандық валюта құнының 47 пайызға төмендеуіне әкеп соқты.

Бірақ Ұлттық әл-ауқат қорының (Ұлттық қор) Ұлттық банк жаратып отырған қаржысы негізінен облигацияларға инвестицияланған болатын. Ол құнды қағаздар үкіметке қайтарылып берілетін қаржының орнын толтыруға жететін табыс бермеді.

Өтемұрат неге Ақышевқа  ұнамай қалған?

Берік Өтемұрат Ұлттық банкте тікелей инвестициялар және хедж-қорларға инвестициялар құятын бөлімшеге жетекшілік еткен еді. Ол 2015 жылғы қарашада Данияр Ақышевтің қатысуымен өткен отырыста Ұлттық қордың қаржысын акцияларға көбірек салып, жеке акционерлік капиталға, хедж-қорларға және жылжымайтын мүлікке инвестициялауды ұсыныпты.

Өтемұраттың сол кездегі айтқан уәжі:

мұнай бағасы құлдырап жатқан шақта ел Ұлттық қордағы қаржының 86 пайызын облигацияда ұстауға жол бермеуі керек

Алайда кездесу аяқталғанда Ақышев мырза Өтемұраттың бұл лауазымынан кететінін айтқан.

Данияр Ақышев

2016 жылғы қаңтарда Өтемұрат The Wall Street Journal басылымына берген сұқбатында былай деген:

«Біз Ұлттық қорды жеп жатырмыз. Біздің дұрыс пайдалана алатын жалғыз қаржымыз – тек өзіміз жинай алған ақшамыз ғана».

Өтемұрат кетсе де, оның идеялары жүзеге асуда!

2016 жылғы қарашада Қазақстан үкіметі Қордың жаңа инвестициялық стратегиясын ұсынған Өтемұрат мырза айтқан идеяларға негізделген Жарлық жобасын жариялады. Жобаға сәйкес, Қордың негізгі бөлігініен облигацияларға инвестицияланатын қор қаржысының көлемі ұзақ мерзімдік жинақтар үшін 80 пайыздан 60 пайызға дейін төмендеді, оның 35 пайызы акцияларға құйылса, 5 пайызы жеке акционерлік капитал және хедж-қорлар сияқты балама активтерге инвестицияланады. Бұл «ұзақ мерзімдік болжамалы табысты арттыруға» бағытталған.

2016 жылғы 22 желтоқсанда Ұлттық банктің өкілі ел президентінің жаңа Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

Бірақ Өтемұраттың өзі мемлекеттік сектордағы қызметке оралмайтынын хабарлады.

«Мен алға жылжимын», – деді ол».

Дереккөзі: Wall street journal

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз