Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Дайындала бер!”. Бұл хабарды естіген Путин түн ұйқысынан айырылыпты

653

Осы он жылды орыстар қауіпсіздігін күшейтуге арнайды. Қауіп сырттан емес, іштен шығады. Қауіпсіздікті ойлаған Кремль, халықты ұмытады. Туу көрсеткіші төмендеп, демографиялық құлдыраумен бетпе-бет келеді. Қандай амалы бар? Бір кездегі Қызыл империяның қоластында болған респубикаларда тарыдай шашырап жатқан қандастарына үндеу жолдайды.

Өзінің озбыр, астыртын саясатын жүргізуді де тоқтатпайды. Ойланбайды. Салдары қандай боларын…

Бәрін Ресей бүлдірді, негізінде. Әлемнің кетеуін-кетірген бір ел болса, ол – Ресей.

2008 жылы Путин Грузияға басып кірді. Содан басталды бәрі. Іле шала жаһандық қаржылық дағдарыс бұрқ етті. Батыс бұл дағдарыстан әлі арылған жоқ. Дағдарыс Еуроодақты есеңгіретіп кетті. Бұл ұйым бұрынғы айбыны мен абыройынан біржолата айырылды…
https://kaz.365info.kz/resejge-sanktsiya-salyndy-endi-yshinshi-dyniezhyzilik-sogys-bola-ma-274497

Кремль жеңіледі

Ресей мен Украинаның арасындағы кикілжің біразға созылады. Кремльдің түбіне жетеді бұл күрес. Жеңіледі.

Біздің болжамымызша, Ресей Федерациясы алдағы 10 жылдың көлемінде ыдырап тынады.

Бөлшектенеді. Қашанғы қарайлассын, мың құбылған мұнай бағасы Мәскеуді мемлекеттік институттарды қаржылай қолдайтын мүмкіндіктен айырады. Осы күнге дейін ілдебайлап келген Кремль күллі Ресей аумағындағы мұндай құрылымдарды қадағалаудан қалады. Ресей әлсіреген сайын оның қараусыз қалуы мүмкін ядролық арсеналына қатысты қауіп күшейе түседі.

Солай. Анығы, алдағы он жыл шешуші кезең. Белгілісі, Ресейдің дәл бүгінгі күйде сақталуы неғайбыл. Шикізатқа тәуелді Кремль әлемдік нарықтың трендтеріне төтеп бере алмайды.

Ресей экономикасының заңы бойынша, экспорттан түскен табыс алдымен Мәскеуге жөнелтіледі, кейін өңірлерге бағытталады. Мұнай бағасы мың құбылған сайын өңірлерге бағытталатын табыс та сарқыла түседі. 1980-90 жылдардың аралығында Мәскеу мемлекеттік құрылымдарды қолдау, бақылау мүмкіндігінен айырылып қалғаны есте. Сол сценарийі тағы қайталанады. Мәскеуден күдер үзген ірі аймақтар бөлек отау тігіп, өз күнін өзі көруге көшеді.

Мәскеуде не істейді мұндайда? Бұрынғы әдетіне басады. Кеңес уақытында Кремль КГБ-ның көмегіне жүгінетін. Кейін осы құрылымның ізбасары ФСБ-ға үміт артты. Бірақ, бұл жағдайда ФСБ-ның өзі бірінен соң бірі орталықтан ажырап жатқан аймақтарды тоқтататын қауқар таныта алмайды. Бұл құрылымның өзі бұл тұста іштен ыдырай бастайды. Қолшоқпарынан айырылған Кремльдің ақыры жақындай түседі осылайша.

Путиннің ақыры

Міне, сол тұста Ресейдің батысындағы Польша, Венгрия, Румыния бір кездері орыстармен күресте айырылып қалған тарихи территорияларын қайтаруға күш салады. Беларусьті өздеріне бұрып, Украинамен күш біріктіреді.

Оңтүстігінде Ресей Солтүстік Қапқазды бақылау мүмкіндігінен айырылады. Орталық Азияны тұрақсыздық жайлайды. Солтүстік – Батыста Карелия Финляндияның құрамына кіргісі келетін ресми мәлімдейді. Қиыр Шығыстағы аймақтар тәуелсіздігін жариялап, Жапония, АҚШ, Қытаймен жақындаса бастайды.

Түсінген шығарсыздар. 90 жылдағы сценарий тағы қайталанғалы тұр. Жоқ, ешкім Мәскеуге қарсы көтеріліске шықпайды. Әлсіреген Кремль бір кездері өзіне бағынышты болған террорияларды қараусыз қалдырады. Тіпті, автономия алғысы жоқ аймақтардың өзі Мәскеуден бөлек кетуге мәжбүр болады.

Тоқ етерін айтқанда, әлемді бұрын-соңды болмаған дағдарыс күтіп тұр. Ресейдің ядролық арсеналы қараусыз қалады өйткені. “Ыдырап тынған федерацияның әр қиырында жатқан ракеталарды кім бақылайды және олардың қауіпсіздігіне кім кепілдік береді?” деген сауал туындайды.

Дағдарыс АҚШ-қа салмақ салады. Ядролық арсеналдың мәселесін шешуге қауқарлы жалғыз күш  – Вашингтон. Бірақ, тіпті Американың өзі ыдыраған империяның тұс-тұсындағы қараусыз мыңдаған ракетаны бақылауға алуға әлуеті жетпейді…

Одан әріге болжай алмаймыз. Ресейдің ыдырайтыны анық. Оның ядролық арсеналын бақылау күллі әлемнің бас ауруына айналады.
https://kaz.365info.kz/resej-khashan-ydyrajdy-amirzhan-khosanov-273953

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз