Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Дайдидау”. Димаш орындайтын әнде қазақ зиялысының аянышты тағдыры бар (видео)

1747

Бірер күннен кейін шығыстағы 1,5 миллиард саны бар көршіге танымал болу бақыты бұйырайын деп отырған және қай кезеңде де тыңдаған жанды шымырлаған нәзік иірімімен бірден баурап әкететін осы «Дайдидау» әні кімдікі?», – деген сұрақ туындары сөзсіз. Қазақ өнері кеңістігінде бүгінге дейін бұл сұраққа екі түрлі жауап бар.

Біріншісі – «Дайдидау» ежелден бері келе жатқан халық әні. Халықтық болғанда да Арқа мектебіне тән ән екені бір ауыздан мойындалған. Екінші жауап – бұл ән – төл туынды. Төл туынды болған да қазақтың әйгілі ақыны, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың төл туындысы. Иә, Мағжан Жұмабаевтың ақындық, педагогтік, ғалымдық тағы басқа қырларына қоса, ән шығарғандығы жөніндегі мәліметтердің бар екендігін білеміз.

Біз бұл әнді Мағжанның 20-жылдардың соңындағы айдауда жүрген шағында шығарған туындысы деп білеміз. Мұндағы асыл жарына деген сағыныш ақынның «абақтыда айдан күннен жаңылатын» шерлі күндермен сабақтасып жатпаса не қылсын. Бірінші шумақ Мағжанның өміріне қатысты болғанымен екінші шумақтағы «қайтейін уәдеңнің жалғанына» дегені келіңкіремейтіні рас. Мұны кейінгі «түзетушілердің» қолымен алыстатылған жұмыстың нәтижесі деуге болады.

30-50 жылдары ұлттың генфондына қоса, қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне де орны толмас зардапқа ұшырап, көптеген деректер бұрмаланғаны белгілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз