Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының QazCovid-in коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулері басталды.
«Вакцинаның клиникалық зерттеулеріне 18-50 жас аралығындағы ересек еріктілер қатысады. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтайтын зерттеудің I кезеңіне коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады, —
делінген хабарламада. —
Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші кезеңде 200 еріктінің қатысуы жоспарланған.
БҚПҒЗИ-ға клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген азаматтардан 688 өтініш келіп түсті. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов сенім білдіргені үшін барлығына алғысын білдірді».
Зерттеулер Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында және Сentre for Clinical Medicine and research ЖШС базасында өтеді.