Коронавирус әлемдегі фармацевтика саласына өзінің иммиджін түзеуге мүмкіндік берді.
фармацевтика саласы акционерлердің пайдасын арттыруға арналған машина секілді беделге ие болып келді
Сондықтан да көптеген жанжал тудындады.
Олардың емделушіге келтіретін зиянына қарамастан өнімдерді (мәселен, опиодтар) алға жылжытуы соның бір дәлелі. Сондай-ақ Мартин Шкрелдің үстінен жүргізілген сот ісін да келтіруге болады. Оның компаниясы сирек кездесетін аурулардың дәрілерін өндіру құқығын сатып алып, бағасын 500-600 есеге арттырған. Тағы осы секілді көптеген мысал келтіруге болады.
Коронавирустың келуімен жағдай өзгере бастады.
Fortune журналының шолушысы Алан Мюррей өзінің блогында солай деді.
«Мен фармкомпаниялардың бірнеше басшыларымен сөйлескенмін. Әңгімеміз коронавирус вакцинасы туралы болды. Біздің пікірталастағы үш нәрсені атап айта аламын.
Вакцина әзірлеуге келетін болсақ, олар бар күшін салып жатыр. Олар: «Егер бәрі жоспарлағандай болса,
вакцина 6 айдан кейін пайда болады. Біз жылдың соңында миллион доза, ал келесі жылдың соңында жүздеген миллион аламыз деп үміттенеміз» деді.
Бұл қиын болып отыр. Бүгінде 75-тен астам препараттар әзірлену үстінде. Басқа ауруларды емдеуге арналған тағы осындай көлемдегі дәрілердің коронавирусқа әсері тектсерілуде.
Дегенмен
тиімді дәрі туралы айтуға әлі ерте. Жүргізілген сынақтардың объективті нәтижелері бірнеше айдан кейін пайда болады
Бірақ вакцинадан бұрын шығарылады деп үміттеніп отырмыз.
Бұл дәрігерлер қазірдің өзінде бар препараттарды тестілеуде және олар пайдаланут қауіпсіз екендігі белгілі. Ал вакциналарды зерттеушілер нөлден бастайды.
Коронавирус негізіндегі кейбір мүлдем жаңа тәжірибелік препараттар зертханаларда сынақтан өткізілуде. Бірақ адамдарға сынақ жүргізуге әлі дайын емес.
Емдеуде қолданылатын ең көп таралған үш тәсіл бар. Бірақ әлі де зерттеу жүргізілуде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының докторы Брюс Эйлвард ремдесивир Қытайда қандай да тиімді нәтиже көрсеткен жалғыз препарат екенін айтты.
Бастапқыда вирусқа қарсы препарат Эбола безгегін емдеу үшін әзірленген. Содан бері ол басқа да өлім-жітім көрсеткіші жоғары вирустарды емдеуде (Таяу Шығыстағы респираторлық синдром және ауыр жіті респираторлық синдром) тиімді екені дәлелденді. Бұл оның Covid-19-ға қарсы тиімді нәтиже көрсетеді деп үміттенуге мүмкіндік береді.
Бұған қатысты талқылаулар көп болды, бірақ АИТВ-ны емдеуге қолданылатын — лопинавир мен ритонавир препараттарының коронавирусты емдеудегі тиімділігіне қатысты дәлелдер аз болды. Басқа дәрілермен бірге қолданғанда, нәтиже берген жағдайлар кездеседі. Бірақ адамдарға жасалған сынақтар тиімділігін дәлелдемеді.
Препараттарды қолданған адамдардың денсаулығы жақсармады, өлім-жітімді және Covid-19 бар емделушілердегі вирустың деңгейін төмендетпеді. Алайда, зерттеу ауруы асқынған пациенттерге жүргізілгендіктен (шамамен төрттен бір бөлігі өлді), дәрілік препараттардың әсер етіп үлгермеуі де болуы мүмкін.
Ынтымақтастық пен Қалпына келтіру сынақтарының бір бөлігінде безгекке қарсы препараттар қолданылады.
Хлорохин және оған ұқсас гидроксихлорохин вирусқа қарсы және иммуностимуляциялаушы қасиеттерге ие болуы мүмкін, бірақ әлі де олардың тиімділігіне қатысты дәлелдер аз.
Гидроксихлорохин сондай-ақ ревматоидты артрит емдеу үшін қолданылады, өйткені иммундық жүйені реттеуге көмектеседі.
Зертханалық тесттер коронавирусты тежейтіндігін көрсетті және кейбір дәрігерлер пациенттерге көмектескенін растайды.
Дегенмен, ДДҰ-ның қолында оның тиімділігін дәлелдейтін нақыт деректер жоқ.
Егер иммундық жүйе вирусқа шамадан тыс жауап берсе, бұл ағзада қабынуды тудыруы мүмкін. Бұл инфекциямен күресу үшін иммундық жүйені біріктіруге пайдалы, бірақ ағзада тым көп жанама зақым келтіруі және өлімге әкелуі мүмкін.
ДДСҰ-ның Ынтымақтастығы шашыраған склерозды емдеу және қабынуды азайту үшін қолданылатын бета интерферонын зерттеу жүргізуде. Интерферондар —вирустың әсерінен ағза бөлетін химиялық заттардың тобы.