Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Covid-19: вакцина шығарылмаса не болады?

287
Сурет: uzreport.news

The Guardian басылымы Эдинбург университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісінің мақаласын жариялады.  Профессор Деви Шридхар  алдағы уақытта қандай жағдай болады деп жасалған болжамдардың бәрін зерттей келе, көңіл көншітпейтін қортынды жасады. Жалпы алғанда

Болашақта коронавирусқа қарсы тұрудың негізгі төрт нұсқасы бар

Болжам мен шындық

Альтернативті әлемде қытай жаңа вирустың қоздырғыштарын тез арада анықтап,  шекараны бірден жабады. Сол арқылы вирустың ел шекарасынан шығуының алдын алады.

Бірен-саран жұқтыру фактілері тіркелген елдер  бойынан вирус табылған адамдармен байланыста болғандарды тез арада анықтап, әлеуетті тасымалдаушыларды оқшаулайды. Жалпы әлем бойынша жаппай тестілеу жүргізіледі. Осы үш жақты стратегияның арқасында — тестілеу, бақылау, оқшаулау, жаңа вирусты жою жұмыстары нәтижелі болады. Адамзат аман қалады.

Коронавирус пандемиясы жаһандық саясатқа үлкен өзгерістер енгізеді

Іс жүзінде Covid -19 Қытай үкіметінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы шараларынан құтылып, бүкіл әлемге тарады. Көптеген елдің билігі түбегейлі және қатаң шаралар қабылдауға асықпай жүргенде, ол адамдарға жұғып, оларды ауруханаларға қамап, халық арасына тарады, өлтірді.

Вирустың қауіптілігі адамдарды таңғалдырып отыр: ол тұмау сияқты оңай тарап,  ауру белгілері байқалмайды. Ғалымдардың соңғы пікірі бойынша, жұқтырғандардың шамамен 5%-ын ауруханаға жатқызу қажет. Олардың 30% реанимацияға түседі. Кейбір бағалаулар бойынша, ауырған адамдардың 0,6-1,4%-ы көз жұмады.

Біз әлі күнге дейін әлемде халықтың қандай пайызы КВИ әсеріне ұшырағанын білмейміз. Антиденені анықтайтын сенімді тест жоқ, қазіргі кезде иммунитеті мықты болғандықтан вирус жұқса да  бойында ауру белгілері байқалмаған таратушылардың қанша екені белгісіз.

Балалардың да тасымалдаушы ретіндегі рөлі белгісіз: оларда белгілі бір иммунитет те жоқ, алайда мәліметтерге қарағанда балалар арасында вирус жұқтырғандар өте аз

Нәтижесінде барлық елдегі коронавирусқа қатысты жағдайды саралай келе, жағдай төрт  түрлі сценариймен аяқталуы мүмкін деген қорытынды шығаруға болады.

Бірінші нұсқа: мәжбүрлі серіктестік

Ел үкіметтері саясат туралы ұмытып, келісіп әрекет етеді. Мемлекеттердің барлығы бір уақытта өз шекараларын жауып, вирустың тасымалдаушыларын анықтайды және таралуын болдырмау үшін агрессивті науқан өткізеді. Сонымен қатар, жаппай тестілеу  өткізіледі.

Мұндай нұсқан күмәнді көрінеді. Вирус қарқынды тарап жатыр, ал кейбір елдер амалсыздан бір-бірімен байланыс жасауда. Бірақ бұл нұсқа үш жағдайда жүзеге асуы мүмкін:

  • Covid-19 симптомдарының алдын алу немесе емдеуге көмектесетін вирусқа қарсы терапия төмен деңгейде болса;
  • тиімді вакцина өндірісін жетілдіру және жолға қоюға оншақты жыл алуы мүмкін;
  • егілген иммунитет тек қысқа мерзімді болып, бір адам бірнеше рет осы індетті жұқтыруы мүмкін.

Осындай нұсқаны қазіргі таңда Жаңа Зеландия енгізуге тырсуда. Ел шекарасын жауып, халықты жаппай тестіден өткізіп жатыр.

Екінші нұсқа: дағдарысты басқару

Басқаларға қарағанда бұл сценарий  жүзеге асу мүмкіндігі көбірек.   Бірақ ол жақын арада тиімді вакцинаның пайда болуына негізделген. Елдер вакцинаның шығарылуын күтіп, келесі 12-18 ай ішінде бірнеше рет карантин енгізіп, вирустың таралуын кідіртуге тырысатын болады.

Денсаулық сақтау органдары алдын ала, үш апта бұрын болжам жасап, кереуеттер мен жабдықтар және инфекция жұқтырған адамдарды емдейтін қызметкерлер жеткіліктілігін тексеруі тиіс. Осыған орай, Үкімет карантиндік шараларды әлсірету немесе қатаңдату қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

Бірақ бұл сценарий нақты жағдайға сәйкес келмейді. Денсаулық сақтау жүйесіне әлі күнге дейін демалыссыз режимде жұмыс істеп жатыр, ал халыққа оқшаулау шараларын енгізудің экономикалық және әлеуметтік шығыны жоғары.

Карантинді екінші рет енгізу жаппай жұмыссыздық пен әлеуметтік толқуларға әкелуі мүмкін

Бұндай жағдайды АҚШ пен Бразилиядан байқап отырмыз.

Кедей елдерде вирусқа қарағанда оқшауланудан көбірек адам өлуі мүмкін

Оған аштық, түрлі аурулар немесе таза су тапшы болғандықтан ағзаның сусыздануы себеп болады.

Үшінші нұсқа: қатаң бақылау

Осыған ұқсас сценарийді Оңтүстік Кореядан байқап отырмыз. Вакцинаның шығарылуын күтіп отырған ел вирустың тасымалдаушыларын анықтау үшін халықты жаппай тестілеуден өткізуде.  Вирусты тасымалдаушылармен байланыс жасаған адамдарды бақылап, барлығын үш аптаға дейінгі мерзімге оқшаулайды.

Мұндай шараларды жүзеге асыру ауқымды жоспар, байланысқа түскен адамдарды қадағалайтын қосымшаның әзірленуін және мыңдаған еріктінің болуын қажет етеді.   Еріктілер дезинфекцияға, тест нәтижелерін өңдеуге және карантин мониторингіне көмектеседі. Вирустың таралуын болдырмау және денсаулық сақтау жүйесіне қысымды азайту үшін физикалық қашықтықты жеңілдететін шаралар қолданылуы мүмкін.

Төртінші нұсқа: егер вакцина табылмаса

Жақын болашақта індетті жеңуге көмектесетін вакцина табылмаған жағдайда аурудың белгілерін емдеу арқылы Covid-19 басқаруы мүмкін.

Денсаулық сақтау қызметкерлері вирусқа қарсы терапияны тағайындай алады, ол пациенттер жағдайының қарқынды терапияны қажет ететін дәрежеге дейін нашарлауын болдырмайды. Сондай-ақ өлім-жітім көрсеткіші азаяды.

Жұтырғандарды тез арада анықтау үшін тест өткізіп, Covid-19-дың алдын алу терапиясын қолдану. Қолында медициналық ресурсы жеткілікті елдер үшін бұл жақсы тәсіл болуы мүмкін. Бірақ кедей мемлекеттер бұндай әдістің қолдана алмайды.

Түйіндеме

Бүгінгі таңда  қарапайым шешім жоқ. Алдағы уақыттағы жағдай қоғамдық денсаулық сақтау, қоғам және экономикалық мүдделер арасындағы  байланысқа тәуелді болады. Басқа уақытпен салыстырғанда, түрлі үкіметтер бір-біріне бұрынғыдан гөрі көбірек сенім артады.

Атқарылатын жұмыстардың бір бөлігі вакцинаны табуға, вирусқа қарсы терапия мен экспресс-диагностикаға арналған құралдарды әзірлеуге негізделсе, екінші жартысы дозалардың мөлшерінің жеткілікті болуын және олардың барлығына қол жетімділігін қаматамсыз етеді. Вакцина пайда болғаннан кейін ол тек бай адамдарға  ғана қолжетімді болуы мүмкін деген қауіп бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз