Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

COVID-19-бен күрес үшін әзірленген қазақстандық вакцина: барлық кемшілігі мен артықшылығы

421
Сурет gazeta.ru сайтынан алынды

Танымал қазақстандық саясаттанушы Рустам Бурнашев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстанда коронавирус қарсы вакцина жасауды қолға алғаны туралы қызықты мәлімет жариялады.

Мақтануға тұрарлық

«ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникаға дейінгі зерттеуді бастады деген жаңалық пайда болды. Тіпті «білім және ғылым» министрінің өзі қуаныштан қол шапалақтап, құттықтау жеделхаттарын жібере бастады», — деп жазды сарапшы. — «Клиникаға дейінгі сынаққа шығу — үлкен нәтиже емес  … бірақ жағымды жаңалық. Қол шапалақтап, жаһанға жар салуға әлі ерте, бірақ нақты нәтиже. Алайда Гвардейский кентінде орналасқан институттың бюджеті мысалы, Назарбаев Университетінің Медициналық мектебінің бюджетімен салыстырғанда қандай болады?».

Бұл туралы интернетте аздаған мәліметтер бар.

«Институтқа 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында 150 млн теңге, гранттық қаржыландыру – 227 млн теңге, базалық қаржыландыру бойынша жыл сайын 100 млн теңге бөлінді. Институттың вакциналарды сатудан түскен табысы 2015 жылы – 498,2 млн теңгені, 2016 жылы – 712,5 млн теңгені, 2017 жылы – 838,8 млн теңгені, 2018 жылы – 219,6 млн теңгені құрады», — деді 2018 жылы премьер-министр.

Имидж және экономика

Қазақстан COVID-19-ға қарсы отандық вакцина әзірлеуді қолға алғаны қаншалықты дұрыс деген сұрақққа «Аман-Саулык» Қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова айтып берді.

Бахыт Түменова

— Бахыт Ниязбековна, Қазақстан —  дәрі-дәрмектер мен вакциналар өндірісі саласында көшбасшы емес. Әрине Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-дің өзінің әзірлемелері бар. Бірақ коронавирус мүлдем басқа қауіп. Ғылымның вакцина әзірлеуді қолға алғаны қаншалықты дұрыс?

— Бұл маңызды мәселе. Әрқашан барлық мүмкіндіктерді — қаржылық және зияткерлік мүмкіндіктерге қарау керек. Кез келген дәрі-дәрмектің өндірісі үлкен ақшаны талап етеді. Ол миллиондаған теңге емес, миллиондаған доллар. Бұл жылдар бойғы еңбек пен елеулі ғылыми әлеуетті қажет етеді. Көптеген елдер коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетінін хабарлады. Әзірше әлем халқы нәтижесін тағатсызданып күтіп отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандық денсаулық сақтау саласын COVID-19-дан вакция әзірлеушілер тізіміне қосуы — бұл үлкен серпіліс

Адамзаттың бос уақыты жоқ болғандықтан, қазір ДДҰ-ға кез келген тиімді жұмыс  маңызды.

Алайда бұл мәселеле экономиканың да рөлін ұмытпау керек.

— Яғни бар-жоғы 18 млн адам тұратын елде вакцина әзірлеу үшін қыруар қаржы жұмсаудың орынды ма?

— Олай емес. Жоба өте қымбат болатыны, бұл факт. Қазақстандық ғалымдардың бүкіл әлем бойынша олардың әріптестерімен бәсекелесуге әзірлігі — бұл тамаша. Бірақ жобаны практикалық нәтиже дейін жеткізу  еліміздің беделі үшін ғана маңызды емес. Экономикалық тиімділік туралы да ұмытуға болмайды.

Егер клиникалық зерттеулерден кейін вакцина әлемдік аналогтармен салыстырғанда жұмыс істейтін және арзан болса, қуанарлық жайт

Әрине, ішкі нарықты тұтынушылардан басқа, оған сатып алушылар табыла ма деген сұрақ туындайды? Бұл биотехнология саласындағы нағыз серпіліс болар еді.

Алайда, бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарысты бастан кешіп отырғанын ұмытпаймыз. Елдің бюджеттік мүмкіндіктері шектеулі. Мен өз вакцинасын жасау немесе дайынын сатып алу секілді басымдықтарды таңдауда күдігім бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз