Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

БҰҰ ядролық қаруға қарсы саясаты үшін Қазақстанға алғыс білдірді

199

Күйіков жоғары мәртебелі саясаткерлерге өзінің өмірі, тағдыры туралы баяндап берді. Қоғам белсендісі бейбіт атомға қол жеткізуге ширек ғасыр ғұмырын жұмсады.

Туғанынан екі қолы жоқ Кәріпбек ядролық қарудың адамзатқа төндіретін қауіп-қатерін суреттейтін еңбектерін салу үшін қылқаламды тісімен де, аяғының саусақтарымен де ұстады.

Суретші өз сөзінде атап өткендей, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи шешімі бүкіл әлемге біздің еліміздің бейбіт өмірге, дамуға және жемісті халықаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылысын паш етті. Қазақстан бүкіл әлем елдеріне бейбіт өмірге деген ұмтылыстың айқын үлгісі болды.

Жүректен шыққан сөзін жалғастырған Күйіков әлем елдерін – АҚШ-ты, Египетті, Үндістанды, Иранды, Израильді, Корей халықтық демократиялық республикасын, Қытайды және Пәкістанды ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы келісімді қабылдауға шақырды.

«Сіздер үшін әлемді жақсы жағына қарай өзгертетін уақыт келді», – деді отандасымыз.

Өз кезегінде, Лайчак мырза Қазақстанға ядролық қарусыз елге қол жеткізудегі ерен еңбегі және саясаткерлерге дарынды суретшімен кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

«Бүгін біз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күнін атап өту үшін жиналдық. Біз мұндайды көп рет өткіздік. Бірақ бүгін біз бірінші рет жоғары деңгейдегі ресми отырыс форматында кездесіп отырмыз.

Біз Қазақстанға күш-жігері үшін және осы отырыс үшін алғысымызды білдіруіміз керек»,

– деп мәлімдеді М. Лайчак.

Одан кейін сөз алған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш кең ауқымды ядролық сынақтардың апаттық дәуірі құрбандарын ұмытпауға шақырды.

«2000-нан астам ядролық сынақтардың салдарын әлемнің көптеген өңірлерінің адамдары –

Семей мен Қазақстанның дала тұрғандарынан бастап Тынық мұхитының оңтүстік жағындағы аралдары мен Австралияның оңтүстігіндегі Маралинга-Тьярутьяда тұратын адамдар бастарынан кешіп жатыр»,

– деді Гутерриш.

Бас хатшы БҰҰ Бас ассамблеясының Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарты дереу күшіне енуі үшін барлық күш-жігерді салу қажеттілігіне назар аударды. Бұл құжат жаппай жою қаруын таратпау жөнiндегi мiндеттемелерге қайшы келетін, ядролық қаруды жасауға, өндiруге және қолдануға немесе оларды иеленуге ұмтылатын мемлекеттер үшiн айтарлықтай кедергi болып табылатыны атап өтілді.

Бұдан кейін сөз алған отырыстың басқа қатысушылары, Қазақстанға ядролық қаруды таратпау саласындағы жетекші рөлі үшін алғысын білдіре отырып, бұл мәселені халықаралық қоғамдастықтың басты назарында үнемі ұстап тұрудың қағидатты маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, ядролық қарудан азат әлем құру үшін ядролық сынақтарға жедел түрде тыйым салу шараларына айрықша назар аударылды.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Қазақстанның ядролық тарихының қайғылы беттерін ядролық қару мен олардың салдары адамзаттың игілікті әрі қауіпсіз болашағымен үйлесімсіздігінің жарқын мысалына теңеді.

«Дүниежүзілік қауымдастықтың басым көпшілігі Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қою және ратификациялау арқылы сенімділік пен ізгілік амалдарын таныта білді. Осындай игілікті әрекеттер мен осындай сенімді нығайту шаралар әлемді ядролық сынақтардың қауіп-қатерінен түпкiлiктi құтқаруға мүмкіндігі бар қалған азшылықтан талап етілуде», – деді Қазақстан елшісі.

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні 2010 жылдан бастап аталып келеді. Атап айтарлығы,

бұл күн Қазақстанның бастамасы бойынша 2009 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен қабылданған.

Ал 2017 жылғы желтоқсанда Бас Ассамблея Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күнін жоғары деңгейдегі ресми отырыстары форматында атап өту туралы шешім қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз