Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

БҰҰ-ның бір хабы Алматыда ашылды

134

Бұл ғимаратта енді Қазақстанда тіркелген шетелдік ұйымдардың кеңселері болады. Жалпы аумағы 28 мың 348 шаршы метрді құрайтын кешенде заманауи жабдықталған кеңселер мен әкімшілік бөлімдер, көлік тұрағы, келіссөздер мен жиындар өткізуге болатын залдар орналасқан. Халықаралық сарапшылардың жұмыс істеуіне қолайлы ғимараттың Орталық Азия елдерінде теңдесі жоқ.

Бұл тек Қазақстанға ғана емес, Алматы қаласы үшін ғана емес, Бұл Орталық Азия мемлекеттері үшін маңызды оқиға деп білеміз. Бізде Алматыда орналасқан БҰҰ 14 агенттіктері көбісі субрегионалдық немесе аймақтық мандатқа ие. Сондықтан олардың да бір ғимаратта отырып өздерінің жұмыстарын үйлестіру тұрғысынан алға жылжыту өте маңызды. Бұл үлкен қолдау деп санаймын, –

деді салтанатты шарада сөз алған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Ал ЮНИСЕФ-тің Орталық Азия мен Еуропа елдері бойынша аймақтық директоры Афшан Хан мырзаның айтуынша, енді осында өтетін шараларға қазақстандықтарды көптеп тартуға болады.

Қазақстанда БҰҰ үйінің ашылуы  дипломатиялық әріптестігімізді одан әрі дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Сондай-ақ бізге берілген ғимарат аумағы  өте үлкен. Ол жұмысымызды нәтижелі етумен қатар, өткізетін шараларымызға қазақстандықтарды көптеп тартуға ыңғайлы болады. Біз әсіресе жастармен жұмысты күшейтуді жөн көріп отырмыз.  Бұл өте  керемет сый болды.

Айта кету керек, саяси маңызы зор бұл іс-шара мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған. Халықаралық талаптарға сай салынған ғимарат енді БҰҰ-ның барлық құрылымдарын бір шаңырақ астына біріктіретін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз