Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

БҰҰ: Интернет қолданушылардың 30 пайызы – балалар

Мұндай дерек тұрақты даму мүддесінде БҰҰ Комиссиясының кеңжолақты байланыс жөніндегі жаңа баяндамасында келтірілген, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар қызметі.

Сарапшылар Интернет балалардың білім және ақпарат алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың онлайн-ойын-сауықтың шексіз әлеміне есік ашқанын айтады. Сонымен қатар, виртуалдық кеңістікте кәмелеттік жасқа толмағандарға қауіп төнуде. Баяндамаға сәйкес, ата-аналардың 17%-ы балаларының кибербуллингке – интернеттегі кемсітуге ұшыраған. Кейбір елдерде бұл көрсеткіш 37%-ға жетіп отыр. 9-17 жас аралығындағы әрбір бесінші бала виртуалдық кеңістікте сексуалдық сипаттағы материалдарға ұшырасады.

Бүгінгі таңда әлемдегі балалар мен жасөспірімдердің шамамен 71% интернетті пайдаланады, алдағы жылдары дамушы елдерде кең жолақты байланыс кеңейсе, бұл көрсеткіш тағы да өседі. Алайда, баяндама дерегіне сәйкес, тек 21 елде балаларды ғаламторлық қысымнан қорғайтын заң бар.

Зерттеуге сәйкес, кейбір балалар видеоойындарға тәуелді болып, денсаулықтарына қауіп төнеді.

Мамандардың атап өтуінше, интернеттегі қауіп-қатерлермен күресте ата-аналар, мұғалімдер және әлеуметтік қызметкерлер маңызды рөл атқарады. Олар балаларға интернеттегі қауіптер туралы айтып, белгілі бір жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігін түсіндіріп, виртуалды кеңістіктегі мінез-құлқын бақылауы керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз