Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бұтыма жіберіп қоям…”. Қарағандыда далада қалған әйел ыстық тамақтан бас тартты (фото)

Ол әкімдікке де, полицияға да хабарласып, көмек сұраған екен. Алайда екі ведомствода да құжатсыз әйелді ешқайда қабылдамайтынын айтқан. Енді ол көмек болмаса, Светлана осылай өліп кетеді деп уайымдап жүр.

Жүре алмайтын әйел еңбектеп қоқысқа дейін барған да, талғажау етер азық іздеген. Оны осындай күйде бір қыз тауып алып, креслоға отырғызып, үстіне көрпе жапқан. Кейін үйінен ыстық тамақ әкелген екен.

“Менің түсінгенім ауруханаға дейін кездескен жұмыс істеп, күн көрген. Мүмкін ішкен де болар. Оны ешкім өзіне алғысы келмеген. Сосын не болғаны белгісіз, аяғы ісіп, жүруден қалған. Мен де оған ыстық шай әкелдім. ал тамақтан бас тарты, үлкен дәретті астына жіберіп қоямын деп қорқады”, – дейді Ольга.

Ольга қиын жағдайға қалған Светлананы өз үйіне де алып кете алмайды, ол үш бала асырап отыр. Сондықтан билік пен бей-жай қарай алмайтын тұрғындардан демеу бола ма деген үмітпен отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз