Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
18
USD
440
-0.03
EUR
474
+0.23
RUB
4.76
-0.06

Бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған бұзақылар жеңіл жазамен сытылып кетпек

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бейнебақылауға түскен бұл оқиға Талдықорған қаласында маусым айында болған. Кадрда төрт азаматтың бір адамның артынан қуалап соғып жүргендері анық көрінеді. Ал сол сәтте төрт жігіттен таяқ жеген Толғанайдың күйеуі Бақытжан Батыршаев екен. Осы оқиғадан соң жарынан айырылған жалғызбасты әйел қылмыскерлердің үстінен тым жеңіл бап бойынша іс қозғалды деп қынжылады.

“Бұлардың статьялары бұзақылықпен қарастырылып отыр. Мен оған қарсымын. Бір жердің мысалы кафенің тарелкасын сындырып кетсең, бұзақылық бойынша қарайды. Бұл жерде адам өліп отыр. Неге бұндай статьямен қарайды. Соны түсінбеймін мен”, – дейді марқұмның жары Толғанай Омарова.

Толғанайдың  сөзінше, бұл төбелес кездейсоқ болмаған. Күдіктілер күйеуін дәмханада тамақтанып отырған жерге іздеп келіп, кек алған. Ал істің осыншама насырға шабуына күйеуі досын төбелес кезінде арашаламағаны себеп болған дейді.

“Күдікті ретінде 4 ер адам ұсталып, сот алдында жауап беруде. Олардың біреуі 106 бабы және 293 бабы бойынша айыпталса, ал үшеуі 293 бап бойынша күдікті ретінде танылды”, – дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төлегенқызы.

Демек, бір күдіктінің үстінен «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «бұзақылық» бойынша іс қозғалған. Қалған үшеуі бұзақылық бабы бойынша сот алдында жауап беруде. Ал бар болғаны 25 жасында күйеуінен айырылған Толғанай төрт күдікті «адам өлтіру фактісі» бойынша жауапқа тартылса әділетті жаза болар еді деп тілейді. 37 жастағы Бақытжанның артында екі қызы және жары қалды. Балалары әкесінен мәңгілікке айырылып қалғандарын да білмейді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз