Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Бұрынғы әдетіне басыпты!”. Ұйғыр ауданының әкімі Назарбаевтың сөзін елемей ме? (фото)

248

«Атың  шықпаса, жер өрте», дейді қазекем. Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімінің атағы соңғы екі айда бүтін Республикаға әйгіленді. Жақсылық жасап, жұрт аузына іліксе, қанекей? Боқауыз тілімен, былапыт сөзімен дүйім жұрттың жағасын ұстатты.

Әлқисса, үстіміздегі жылдың 18-сәуірінде abai.kz сайтында аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан аудиожазба жарияланды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа қарата жазылған мақалада дауыс облыстағы аудан әкімдерінің бірі екендігі айтылған. Көп ұзамай-ақ дауыстың Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасуновқа тиесілі екендігін көпшілік аңғарып та үлгерді. Бірақ әлдекімдердің араласуы сайттағы материалдың ұзақ тұрмауына ықпал етті.

https://kaz.365info.kz/khyzmetkerin-ayausyz-bokhtagan-adam-yjgyr-audanynyn-akimi-me-video-259001

Десе де

Ертесі, яғни 19-сәуір күні «Қала мен дала» газетінің http://www.dalanews.kz сайтында аталмыш аудиожазба тағы да жарық көрді. Мұнда дауыс Ұйғыр ауданының әкіміне тиесілі екендігі анық көрсетілді. Мұнан соң https://kaz.365info.kz сайты да бұл дүниені көшіріп басты. Осылайша айналасы екі күн ішінде шенеуніктің жұмыс кезінде қарамағындағыларды балағаттап жатқаны жазылған жазба әлеуметтік желіге тарап, қызу пікірталастың астында қалды.

Дәл осы уақытта Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Имтахунұлы Тохтасунов денсаулығы сыр беріп, ауруханада жатыр деген ақпарат естідік. Бірақ 1-мамыр мерекесінде аудан орталығында өткен іс-шарада Алимжан Тохтасунов халық алдына шығып, ел-жұртты құттықтап, ешбір ылың болмағандай кейіпте жүрді.

Кейіннен, яғни, 24-мамыр күні “Время” газетінің сайтында біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілердің «көшбасшы» мақаласы атанған Тохтасунов туралы аудиожазба құзырлы орындардың тексерісінде расталып, әкімнің өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлаған. Дәл осы сарындағы «Аким-матерщинник?!» атты мақала «Желтая газета» https://taldysary.kz/1057-akim-materschinnik.html сайтында 25-мамыр күні жарық көрді.

Мұнан соң

27-мамырда ҚазАқпарат та «Қызметшілеріне бейәдеп сөйлеген Ұйғыр ауданының әкімі жұмыстан кеткелі жатыр», деп жар салды.

Онда

  «Қазір Әлімжан Тохтасуновтың арызы Президент әкімшілігінің қарауында жатыр. Бұл жөнінде  Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл департаментінің өкілдері мәлім етті. Сондай-ақ департаменттегілер бейәдеп сөзге толы аудиожазбадағы дауыс Ұйғыр ауданының әкімінікі екенін растады», – делінген.

«Аудиожазбадағы «боқауыз» әкім боп шықты». Ұйғыр ауданының басшысы өз еркімен жұмыстан кетпек», деген сүйінші хабар https://kaz.365info.kz сайтында басылды. Тіпті, Қазақстан ұлттық телеарнасында да (http://kaztrk.kz/news/qogam/akimder-adepsizdigi-ushin-zhumystan-quyldy-88376)

«Өз қызметкерлерімен дөрекі сөйлескен Ұйғыр ауданы әкімінің сөздері әлеуметтік желіде тарап кетті. Көп кешікпей, Әлімжан Тоқтасынов әкімдік қызметтен өз еркімен кету туралы арыз жазды»

– деп жалпақ жұртқа жария салынды.

Осы уақытқа дейін барлық қол астындағы қызметкерлерін, тіпті, қарғадай қазақ қыздарын, анасындай мүгедек әйелді боқтағаны турасында облыс басшыларына бірнеше мәрте арыз түссе де, Тохтасуновқа тықыр таянған емес.

https://kaz.365info.kz/videodagy-bokhauyz-akim-bop-shykhty-yjgyr-audanynyn-basshysy-oz-erkimen-zhymystan-ketpek-video-264004

Қайта өзін сол ауданның қожайынындай сезініп, есіріп кеткен болатын. Алдына келгеннің бәрін сөзбен сыбап, балағаттау оның күнделікті «хоббиіне» айналғандай.

Осындай арсыз қылықтарына облыс әкімі Амандық Баталовтың үнсіз жатқанына аудан тұрғындары түсінбей де, таңғала да қарасқан.

Бұл қалай? 

Балағатына әбден тойып, жігерлері құм бола бастаған мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындары әлеуметтік желідегі әлектен соң, кіші Тохтасуновқа бір шара қолданылар деген үмітте еді.

«Әкім жұмыстан өз еркімен кетті», деген ақпарат тарағанда да көптің көңілі орнына түскендей болды.

Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Осыдан екі апта бұрын Алимжан Тохтасунов өз жұмысына қайтып келіп, бәз баяғыша қызметін атқара бастады.

Тіпті, бірер күн сабырмен сөйлеп, салқынқандық танытуға тырысқанымен, бірер күннен соң, бұрынғы әуеніне қайта басыпты. Тағы да баяғы боқтық, былапыт. Дауысының әкімдік ғимаратының әр бұрышына жетіп жатқанын да сол мекемедегі қызметкерлер жағасын ұстап, айтып жүр.

Өз қызметкерлерін жерден алып, жерге салып, ата-тегін түп-тұқиянымен боқтап, боқауыз сөздерін доғармаған әкімнің бұл қылығын қалай түсінеміз?

Сонда республика көлеміндегі бұқаралақ ақпарат құралдарының сөзі жалған болғаны ма? Әлде жалған ақпарат беріп, жүгенсіздікті жоймай отырған құзырлы орындар кінәлі ме?

Ал мұндай бассыздыққа жол беріп қойып отырған облыс әкімінің қылығын қалай түсінуге болады?

Қалай десек те «отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» Тохтасуновтың бейәдеп қылықтарына көз жұма салу мүмкін емес екені айдан анық.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз