YouTube-та жүктелген трейлері, Бурабайдағы сол шытырман оқиғадан күні бұрын хабар берген еді… Бұл «Логово» картинасының отандық кинотеатрларға жол тартқанына бір жұма өтті. Әнші Бүркіттің төл әрі тұңғыш фильмі, алғашқы уик-эндте үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды деп жазады Stan.kz.
«Чудо» драмасы 28 млн теңгемен табыстылар тізімінде төртінші тұр. Басты рөлді сомдаушы Джейкоб Тремблей, рөлге ену үшін Тричер Коллинз синдромымен ауыратын балаларға көмек көрсету орталығына барып жүрген. Көңіл қылын шертетін фильм көрерменге жаққан секілді.
Отандық айналымның екі мәрте үздігі атанған «Лига справедливости» екі сатыға төмен түсіп қалды. Үздік үштікке ілінген картина бұл жұмада қоржынын 42 млн теңгеге толтырған. Супер қаһарманның бірі Ғажайып әйелді сомдайтын актриса Галь Гадот, рөлі үшін кунг-фу, кикбоксинг және қылышпен шайқасу курстарына бекер бармаса керек.
Екінші орынға 68 млн теңгені еншілеген «Тайна Коко» анимациясы жайғасты. Бұл туынды үшін Pixar студиясының суретшілері бірнеше адамдарды сәндеуге де гардеробтың 500-ден астам дүниелерінжасапты.
Бұл уик-эндте атыс-шабысқа толы «Иностранец» көш бастап тұр. Джеки Чанның қатысуындағы фильм алғашқы аптада 123 млн теңге жинаған. Кинотаспа 1992 жылы жазылған Стивен Лезердің «Қытайлық» романының желісімен түсірілген.