Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бұларыңыз қалай?”. Білім грантын бөлу мәселесіне Қазақстанның бас заңгері араласты

Үндеуде омбудсмен осы мәселе бойынша БАҚ-та жиі кездесетін хабарламалар мен оның атына келіп түсетін азаматтардың шағымдарына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Өз шағымдарында талапкерлер мен олардың ата-аналары, өздерінің пікірінше, білім беру грантын беру және тарату туралы әділетсіздікті көрсетіп отыр. Осылайша, гранттар Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша аса төмен нәтиже көрсеткен, алайда «Алтын белгі» белгісі бар түлектерге берілген, сол уақытта жоғары балл алғандар мемлекеттік қаражат есебінен оқу мүмкіндігінен айрылған. Алдыңғы жылдары осы белгі үміткерлері өздерінің басым құқықтарын ҰБТ жинаған балдарының қорытындысы бойынша растаған. Алайда білім жүйесіндегі жүргізілген реформалар қорытынды мектеп аттестациялаудағы жаңа форматты нақтылады, осыған орай «Алтын белгі» белгісін тағайындау мектеп бітіру емтихандарының шешімдеріне сәйкес жүргізілді.

Аталған белгінің иегерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26-шілдедегі № 446 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу ақысын төлеуге арналған білім беру грантын тағайындау Ережесіне сәйкес, конкурс барысында білім беру гранттарын алудың басым құқығына ие болды. Осыған байланысты омбудсменнің пікірі бойынша,

уәкілетті органның білім беру гранттарын бөлу мәселесі бойынша бірқатар түсіндірмелері белгілі бір екіұштылыққа әкеліп отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастапқы түсіндірмелерінде бұл жағдай, бұрынғы жылдардағыдай, гранттарды басым мамандықтары бойынша бөлуіне байланысты қалыптасқанын түсіндірді. Сонымен қатар, қажетті білім беру грантын алу үшін әрбір мамандыққа әртүрлі өту ұпай деңгейі орнатылған еді. Жағымсыз қоғамдық реакцияны ескере отырып, Омбудсмен қорытынды мектеп аттестаттаудың жаңа форматын енгізу кезінде мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу және тағайындау тәртібінің құқықтық тұрғыда жеткіліксіз реттелгеніне назар аударды.

Кейіннен уәкілетті орган гранттарды тағайындау «Алтын белгі» иегерлерінің артықшылығын есепке ала отырып жүргізілгенін растап, үміткерлердің тізімін қайта қарастыру ниетін жариялады. Бұл жағдай, өз кезегінде, білім беру грантына үміткерлер тізімдерін уәкілетті органының қайта бөлуге және жаңартуға байланысты «Алтын белгі» белгісінің иегер түлектері тарапынан біркелкі сұрақтарды туындатты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына шағымданушылар өз хаттарында 14 тамыздағы жарияланған жаңа тізімде тағайындалған жоғары балл алған «Алтын белгі» иегерлерінің өздері таңдаған мамандықтары бойынша емес, жалпы негізде бөлініп тіркелгені жөнінде атап өтті. БАҚ-да ҚР БҒМ басшылығы тағайындалған грант тізімін қайта қарау шаралары жүргізіліп жатқаны жөнінде және «Алтын белгі» иегерлерінен бөлек қайта қаржыландыру шаралары жоғарғы оқу орындары есебінен болатындығы жөнінде хабарлады. Алайда бұл шара,

Омбудсменнің пікірінше, заңдық тұрғыда берілген санаттағы түлектердің республикалық бюджет қаражаты есебінен кепілдік берілген білім беру грантын алу үшін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етпейді.

«Алтын белгі» белгісінің иегерлерінің денсаулық сақтау жүйесінің білім беру мекемелері арқылы алған гранттарын тоқтата тұруына (қайтарып алуына) байланысты фактілеріне ерекше назар аударылады. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталық басшысының түсіндермесі бойынша гранттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілгенін айтады, алайда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Астана және Алматы қалаларында орналасқан медициналық жоғарғы оқу орындарына бөлінген 220 грантының қолданыстағы күші тоқтатылған.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бұл әлеуметтік жағынан өзекті мәселеде білім беру грантын бөлу жөнінде қандай да бір мемлекеттік органдардың құзыреттілігіне қарамастан,

орталық мемлекеттік органдар арасындағы әрекеттерінің үйлеспеуі, қоғамда, жалпы тұтастай алғанда, білім беру жүйесіне теріс көзқарас тудырады деп санайды.

Бұл тұрғыда, кең қоғамдық резонансты тудырған проблемалық мәселелер халық арасында нормативтік-құқықтық базаны тиісті түрде талдау жүргізу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды. Бұл ретте омбудсмен жан-жақты мән-жайларды ескере отырып, көтерілген мәселелердің дұрыс реттелуіне, білім беру гранттарын тағайындау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге шақырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз