Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Былай істеймін…”. Қытайдағы студент қыз қалай табыс тауып жүргенін айтты (инфографика)

112

Одан соң азаматтық деген проблема бар. Қытай жұмыс орындары ең бірінші өз қытайын жұмысқа алады. Сондықтан бұл ретте шетелдік компаниялардан жұмыс табу мүмкіндігі көбірек. Ал ол үшін ағылшынды білуіңіз керек.

Бірақ: „Ойбай, Қытай ақша жақсы төлейді екен„ деп тіке тартып кетуге тағы болмайды. Мұнда заң өте қатал. Басыңыз бәлеге бірден шатылады. Бір құжатың дұрыс болмаса, біттің дей бер. Пара берем десең, тағы да басың дауға қалады. Сондықтан Қытайдан жұмыс табамын десеңіз, ең бірінші үйде отырып Интернеттің көмегіне жүгінген дұрыс. Түрлі сайттар бар. Біздегі „Ищу работу„ деген секілді қосымшалар бар. Содан өзіңізге ыңғайлы жұмысты тауып, сол компаниямен байланысқа шығып, барлық еңбек-шартын алдын ала келісіп алуыңыз керек. Ал шетелдік компаниялар жұмысшы жағдайын жақсы жасайды. Сіз келгенде паналайтын орныннан бастап, визаңызға дейін жасап береді. Егер, әрине Сізді өзіне керек кәсіби маман деп тапса.

https://kaz.365info.kz/maman-sejfullin-bojynda-tyrgan-zhigitterdin-maselesi-khajtkende-sheshiletinin-ajtty-298072

Бұдан соң мұнда көшеде жүрсеңіз иін тірескен халық, көбі мұрнын жауып алады, өйткені ауа өте лас. Оның үстіне коммунистік жүйе болған соң жергілікті халықтың да көзқарасы тым бөлек. Адамдарға сенуі өте қиын, үнемі Сізден күдіктеніп, шеттетіп тұрады.

Бұл да психологиялық жағынан ауыр.

Оның үстіне тамағы тамақ емес. Басында қатты қиналдым. Бұқтыратын кеспені ғана талғажу еттім. Қолыма ақша түскенде артынан тауық еті, балық сатып алатын болдым. Иә, мұнда мал еті өте қымбат. Сондықтан мен етпен тамақ жеген емеспін. Етті түсіңде ғана көресің. Мұны да ұғып алған жөн. Бірақ көк-сөктері бізге қарағанда арзан екен. Дегенмен, оның табиғи екендігіне күмән көп. Өйткені мұнда жасанды тамақ өнімдерін жасайтын цехтар бар. Сосын да сүйсініп бір тамақ іше алмайсыз.

Негізі, Қытайға келген басқа елдің азаматтары көбіне аудармашы боп қызмет етеді. Одан кейін тілдік деңгейіне байланысты басқа да мамандықта жұмыс істей аласың. Мен өзім мысалы, бірінші жылы қытай тілін толықтай меңгеріп алған соң қытай балаларына ағылшын тілінен қосымша сабақ бердім. Аптасына екі күн істеп 40 мың теңге алып отырдым. 40 мың теңге пәтерақыма және ұсақ-түйек шығындарымды оп-оңай жауып тұрды. Сонда айына – 160 мың теңге, онда да аптасына екі рет қана жұмысқа барамын.

https://kaz.365info.kz/orys-tyrik-khytaj-khaptady-khazakhstandy-igerip-zhatkhan-kimder-infografika-299066

Егер бір айда толық жұмыс істесем 480 мың теңге ала алады екенмін. Бұл студент менің табатын табысымның түрі ғой.

Мысалы, мұнда балабақша тәрбиешісінің жалақысы – 500 мың теңге. Көрдіңіз бе? Біздің балабақшада істейтіндер мұндай ақшаны өңі түгілі, түсінде көрген емес. Алатыны небәрі 40-60 мың теңге. Оның өзінде естігені ұрыс, күнделікті айғай.

Дүкендегі сатушының да алатын жалақысы – 500 мың. Міне, бұл жоғары білімі жоқтардың алатын жалақысы. Ал басқасын өзіңіз пайымдай беріңіз„ – деп өз тәжірибесімен бөліседі Қытайдағы студент қыз Сабина Смайылова.

Юсуп Маметниязов, Қуаныш Саттархан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз