Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Президент Сирияға әскер жіберу мәселесі жайлы айтты

 

Атамбаев Мәскеуде өзімен кездескен Ресей президенті Владимир Путин Сирия бойынша мәселені мүлде қозғаған жоқ деп мәлімдеді.

Атамбаевтың сөзінше, бітімгерлер жіберу мәселесі жай ғана шешіле салмайды.

«Өйткені, егер шынымен бұл мәселе көтерілетін болса, онда Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының барлық мүшелерінің бірауыздан келісімі қажет болады. Екіншіден, БҰҰ қарары болуы тиіс, ал онда Ресейдің барлық бастамаларына қалай қарайтынын білесіздер», – деген Атамбаев.

Осы аптада Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс комитетінің басшысы Владимир Шаманов Мәскеу Қазақстан мен Қырғызстаннан Астанадағы халықаралық келіссөздерде қол жеткізілген «Сириядағы эскалация туралы» келісімнің орындалуын қадағалау үшін әскер бөлуін сұрағаны жөнінде мәлімдеме жасаған. Қазақстан мен Қырғызстан биліктері өздерімен ешкім ондай келіссөз жүргізбегені туралы мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз