Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-18
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

“Былай ғой, аға…”. Мейрамбек Бесбаев жазушының хатына жауап берді

221

мүмкін, ағамызбен бірге отырып, өзіне тікелей жауап беретін шығармын”,

– деп бастады сөзін Мейрамбек.

Десе де, ойы сол тарапта екендігін жасырған жоқ. Бірнеше өзгеріс жасауға оқталғанымен, қолында биліктің жоқытығынан, басталған іс өзгеріссіз қалып жатады, дейді әнші.

“Бірнеше жыл бұрын талай-талай өзара жиналыстар жасағанбыз. Оның ішінде көптеген өнер адамы болды. Әншілер, аға буын өкілдері. Басында келісіп аламыз да, аяғында аяқсыз қалып кетеді. Неге десеңіз,

бізде бәрібір билік болмағаннан кейін, жиналып алып, мынау өтсін, мынау өтпесін деп, еш жерде айта алмаймыз.

Сондықтан эфирге әркім шығуға құқылы. Сонымен, бұл мәселе сол күйі қалып қойған еді. Енді келешекте шынымен жаны ашитын билік басындағы, мәдениетте, өнерге жақын адамдар осыны қолға алады деп ойлаймын”, – деді жағдайды түсіндірген Мейрамбек Бесбаев.

https://kaz.365info.kz/osyny-tokhtatshy-tanymal-zhazushy-mejrambek-besbaevkha-hat-zhazdy-287493

Жазушының “тойханасына” қосылып, әнші қазіргі әртістерді былай деп бөлді:

 

“Өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой, көгілдір экранда не боп жатқанын. Өзіміз сол қазанда қайнап жатқаннан кейін, оған аса мән бермейтінбіз. Өнер адамы, әріптесім деп қарайтынбыз. Қазір әке болып, бала-шаға тәрбиелеп жатқаннан кейін, олар немен сусындар, біздің экран не көрсетіп жатыр, деген сияқты мәселені қадағалаймын. Көбінесе, ел музыкалық бағдарламаларды қарайды, осындай шоулар өте керек. Ол көбінесе эстрада жұлдыздары, содан кейін, қарасам, тәрбиелік мәні бар ма, жоқ па деген сұрақ туады.

Содан кейін, “ұятсыз әншілер”, “ұяты бар әншілер” деп бөлуге тура келді”, – деп атап өтті Бесбаев.

Министрлікке әзір бармаса да, жоғарыдағылардың құлағына “алтын сырға” тағып, көрші елдерден үлгі алуға шақырды Мейрамбек.

“Мұны тоқтатуға болмайды деп ойламаймын. Әр халықтың моралдық тұрғыдағы құндылықтары бар. Мысалы, көршілес тұрған Өзбекстанда көркемдік кеңессіз бірде бір әнші теледидардан көрсетілмейді. Енді, түбегейлі шектеу қою керек демеймін, ол жақта да заманауи нәрселерді көрсетеді. Бірақ сахнадан орындалатын әнді, басқа туындыларды тәрбиелік мәні бар ма, ұлттың жойылып кетуіне себеп болмай ма, деген сұрақтарға сай, сараптап шығады. Мына тұрған Қырғыз елінде де солай. Көптеген жерлерді аралаймын. Сонда өзіндік дәстүрін сақтап қалып, бірақ қазіргі заманға сай, креативті жақсылап жасап жатқан дүниелері бар. Солай істесек, болады ғой бізге де.

Зайырлы мемлекетпіз деп, бәрін алып кеп, қалай болса солай жүре берген болмайды”,

– деп түйіндеді сөзін Мейрамбек.

Иә, теледидар – халық айнасы. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуші берден-бір күш. Расында, теледидардан қызылды-жасылды қып шаштарын бояп алған ұлдар мен кеудесін ашқан “заманауи” әнші қыздар кішкентай көрермендерге не үйретіп жатқандығы айтпасақ та түсінікті.

Қазіргі таңда балаларға арналған жалғыз телеарна “Балапан” ғана. Енді сол жалғыз “Балапаннаннан” қайыр болса, игі еді…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз