Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
8
USD
429
+0.80
EUR
507
+3.08
RUB
5.5
-0.01

“Бұл орта ғасыр!” — феминист депутаттың кітабын сынға алды

255

“Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!” – дәл осы атаумен мәслихат депутаты және “Қазақ қызы” атты қыздарға мәдени-адамгершілік тәрбие беру институтының негізін қалаушы Қарақат Әбденнің кітабы жарық көрді.

Басылым қазақ қыздарына арналған “нұсқаулық” ретінде шыққан, алайда көпшіліктің сынына ұшырап үлгерді. Мысалы, азаматтық активист және феминист Фариза Оспан бұл туындыны еш пайдасыз, кейбір жағдайларда жасөспірімдердің санасына кері әсер етуі мүмкін екеніне сенімді.

Қыздық пен әйел бақыты

— Кітапта автор қыздар үйлену тойына дейін қыздығын сақтауы керек пе, жоқ па деген сұрақты көтереді. Және былай деп жазады:

болашақ күйеуіне қыздың қыздығы маңызды емес деген пікірге қарамастан, шын мәнінде бұл олай емес. Ал қыз балаға арының таза болуы басын жоғары көтеріп жүруге көмектеседі

Сонда, әйелді тек қыздық үшін ғана бағалай ма?! Мен өзім шымкенттікпін, патриархалдық отбасында өскенмін және осындай нұсқауларды бірнеше рет естігенмін.

Алайда есейе келе қыз болып тұрмысқа шыққан туыс апайларым, құрбыларым бәрібір күйеулерінен таяқ жеп жүретініне, опасыздық көретініне көзім жетті. Сондықтан қыздық болашақ бақытты өмірдің кепілі болуы мүмкін емес!

Нұсқаулықтар мен өмір шындығы

Фариза Оспанның пікірінше, қыздықпен емес, жеке жетістіктермен мақтану керек.

— Тәуелсіз, ақылды, жұмыс істей алатын, саяхаттап, шетел көре алатын, кез келген мамандықты меңгере алатын тұлға болғаныңмен мақтануың керек. Және, оның үстіне,

сен туған кезде ұлт таңдай алмайсың. Сондықтан қазақ болғаныңмен мақтанудың еш реті жоқ,

– дейді Фариза Оспан.

Кітапта сондай-ақ, әйелдің таңдап алған серігі төсекте де, өмірде де алғашқысы әрі жалғызы болуы керек деп айтылады.

Ал ауылдарда зорланған қызды зорлаған адамға күштеп тұрмысқа береді. Ол болса жыныстық зорлық жасауды жалғастырады, бірақ енді заңды түрде.

— Осындай мысалдарды біле отырып, Қарақат Әбден осындай нұсқуалықтар береді.

“Жыныстық қатынасқа ерте түспей, көптеген қателіктерді болдырмауға болады…” — деп жазады автор, секс — бұл жаман және ұят нәрсе сияқты

“Егер сен ер адаммен үйлену тойына дейін жатып қойсаң, онда отбасыңның абыройын төгесің”, – дейді Оспан кітаптан үзінді келтіріп.

— Ал зорлау құрбандары әйелдің мұндай нұсқауларын қалай қабылдар екен? Онсыз да құрбандар өз-өздеріне қол салып жатады. Қандай да бір себептермен некеге дейін қыздығын сақтай алмағандарды елден қуу керек пе?! — дейді Оспан.

Өзің кінәлі

Ерекетер де бір-бірімен құпияларымен бөліседі деген тұсы да қоғам белсендісінің ашуын тудырды. Демек, қызбен төсектес болғаны елге жайылып кетуі мүмкін екен.

— Неге ол мұны жігіттерге арналған кітапқа жазбайды? Адамгершілік туралы, қыздарды қорламау керектігі, зорлауға болмайтыны жайлы неге жазбайды? Осы логикаға сүйенсек, олар да некеге дейін жыныстық қатынасқа түспеуі керек.

Архаикалық мысалдар

Фариза Оспанға автордың әжесі 9 жасында тұрмыс құрғаны жайлы әңгімесі де ұнамаған.

— Автордың жазуынша, қыз жыныстық жетілгенге дейін жаңа отбасында басқа балалармен бірге тәрбиелегенін айтыпты. Мұндай дәстүрді қалыпты деп есептеуге бола ма?

Тоғыз жасында қыз тұрмысқа шықпауы тиіс, тіпті басқа отбасында өмір сүрмеуі де керек

Ол өз отбасында, ертең біреудің әйелі боламын деп ойлап емес, әлемді танимын деп өсуі тиіс. Әлемнің қанша феминисты некеге тұру жасын ұзарту үшін күрескен, ал бұл кітапта бәрін кері қайтарғысы келеді. Нағыз орта ғасыр! – дейді Фариза Оспан.

Неге олай демеске?

Қарақат Әбденнің кітабын әлеуметтанушы Тимур Айсаутов қорғап сөйледі.

— Қыздықты сақтауды насихаттаудан еш жамандық көріп тұрған жоқпын. Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандары бар екенін бәрі біледі. Салыстыратын болсақ, адамның сұлулығын дәріптеушілер де бар ғой, ал бірақ қоғамда физикалық кемістікпен туылған адамдар да болады. Бұл адамдар кеміс болып дүниеге келгеніне кінәлі емес, және зорлық-зомбылық құрбандары да басынан өткен қиындыққа кінәлі емес. Бірақ аталған топтардың барын ескере отырып,

қыздықты сақтау туралы немесе сұлулық туралы айтуға немесе жазуға тыйым салу керек дегенді білдірмейді

— деп атап өтті социолог.

Оның айтуынша, зайырлы қоғамда өмір сүргендіктен, әркім өз көзқарасын білдіруге құқылы. Әрбір пікірге түсіністікпен және құрметпен қарау керек.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз