Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бұл қызық болды ғой!”. Жамалиевке қатысты жаңа дерек шықты

https://kaz.365info.kz/atyshuly-to-al-ajn-r-isina-demi-suretterin-zhariyalady-227472

Әліби, Айнұр және Қайраттың арасындағы махаббат дауы елдің есінде. Тоқалына қырындаған Әлібиді көк ала қойдай етіп сабаған Жамалиевке сот қатаң жаза шығарған тұғын. 13 жыл. Сонымен қатар, бизнесменнің жеке мүлкі де кәмпескеленген. 

Жамалиев қазір Алматы облысындағы колониялардың бірінде жатыр. Соңғы кездері ол туралы ақпараттар сиреп кеткен еді. Сөйтсек, атышулы бизнесмен Жоғары сотқа жазасын өзгерту туралы арыз жолдапты. Биылғы жылдың мамыр айында Жамалиевтің ісі сот Ержан Даулиевтің төрағалығымен қайта қаралған. 

https://kaz.365info.kz/ajn-r-isinany-t-ri-operatsiya-a-dejin-osyndaj-bolypty-228061

Басылымның құқық қорғау органдарында дереккөзі былай депті тағы: 

“Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 6 жылға дейін шегерілді. Жазасын өтейтін жері де өзгерді. Ол қатаң тәртіптегі абақтыдан жалпы режімдегі колонияға ауысты”. 

Басылымның жазуынша, Жамалиев осы уақытқа дейін жазасының үштен бір бөлігінен астамын өтеді. 6 жылдың екі жылын өтеген. Мұндай жағдайда, ол мерзімінен бұрын түрмеден босай алатын мүмкіндікке ие. Осы күзде Жамалиевтің абақтыға жабылғанына 3,5 жыл толмақ. 

“Бірақ, тағы бір фактор бар. Жамалиев күзге жетпей босауы мүмкін. Мұндай әдіспен күні кеше жалған лаңкестік бойынша айыпталған Юрий Пак босап шықты. Айыппұл төледі. Жазасын қысқартты. Жамалиевке де солай жасауға болады”

– дейді Время. 

 

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқыланып жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз