Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бұл енді ЕХРО ғой…”. Тараздық Фируза Шәріпова бокстан әлем чемпионы атанды (видео)

Мамандар бұл күтпеген нәтиже десті. Айтқандай-ақ Миленаның қазақстандық қарсыласынан ықпағаны алғашқы раундта-ақ көрінген. Екінші раундта Фирузаның екі бірдей ауыр соққысы Миленаның жағдайын қиындата түсті. Рингтегі бұдан кейінгі айқас қашу мен қуу мазмұнында жалғаса берді. Фирузаның қарқыны үдеген жоқ. Кейбір кездесулерде 16 раундқа дейін шығып жүрген отандасымыз шынында да өте жақсы дайындалып келгенін дәлелдеп берді.

Үшінші раунд алғашқы екеуіндегідей Шәріпованың басымдығымен аяқталды. Миленаның бұрыштан бұрышқа қашуы төртінші раундта да жалғасты.

Қарсыласын нокаутқа түсіруге тырысып баққанымен, Милена соңына дейін шыдас берді. Бірақ, сегізінші раундта қолдарын сұлқ түсіріп, әбден қалжырағаны анық еді. 10-ыншы раундта екеуі де барын салды. Көпшілік күткен нокаут болмаса да, Фируза даусыз жеңіске жетті.

https://www.youtube.com/watch?v=HXdZ6ftpAJ8

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз