Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бұл бастамасы ғана”. Димаш “қытайлық Грэмми” сыйлығын алып тұрып, осылай деді

122

Марапаттау кезінде Димаш Құдайберген көрермендерге қазақ тілінде алғыс айтты.

«Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Өте қатты қуаныштымын. Бұл – менің шет елдегі ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен, мен өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рақмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатқан «Singer» жобасына алғыс айтамын! Мені қолдап жүретін барша тыңдармандарыма рақмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана», -деді Димаш.

Айта кетерлігі, «China Top music Awards» – 1994 жылдан бері Азия елдеріндегі ең танымал әншілердің басын қосатын үлкен мерекелік шара. Бұл күнде ол Қытай музыкалық қоғамдастығындағы ең айтулы оқиғалардың бірі саналады. Сонымен қатар осы сыйлықты «қытайлық Грэмми» деп те атайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз