Мектепте оқитын қызы зорланған ашынған ананың әлеуметтік желідгі видеоүндеуі алғашқы нәтижені берді.
Оңтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
“Бүгін 18.00-де күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деп жазды ОҚО ІІД өкілдері Facebook желісінде 2-маусымда.
Осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында зорланған ананың үндеуі әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Ролик авторының айтуынша, қылмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Бəйдібек ауданы Шаян ауылында болған. 10-мамырда белгісіз біреулер мектеп оқушысын ұрлап әкетіп, Шымкентке апарған да, зорлаған.
https://kaz.365info.kz/zorladym-sosyn-oltirdim-17-zhastagy-baldyzyn-oltirgen-erkektin-sozi-256895
ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Бәйдібек аудандық ІІБ тергеушісінің өндірісінде қылмыстық істің барын хабарлап отыр. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі бойынша 2017 жылдың 31-мамырында “Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау” бабымен Түлкібас ауданынының 1996 жылғы тұрғынына қатысты іс қозғалған.