Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Бүгін Өзбекәлі Жәнібековке алғыс айтар едім – өзге ұлт өкілі

Қазақтар осы мемлекеттің иесі бола тұрып, тұтастық пен татулықты қамтамасыз етуде. Бұл үлкен қайырымдылық деп айтуға болады. Қазақтарды мен бауырымдай көрем.

Егер наурыздың алғашқы күнінде біреуге алғыс айту керек болса, мен марқұм Өзбекәлі Жәнбеков пен Тоқан Самарқановқа алғыс айтар едім. Ондай мәдениет жанашырлары некенсаяқ. Қазақ ұлты дегенде менің есіме ең әуелі осы екі адам келеді.

Жалпы қазақтардан көрген жақсылығым аз емес. Рахмет сіздерге!» – дейді мәдениет саласының ардагері.

Бүгінде ол құрметті еңбек демалысында.

Еске салсақ, Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. ХХ ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген «Арқас» қоғамы құрылды. Жәнібеков «Шертер», «Адырна», «Алтынай», тағы басқа фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды.

«Наурыз» мейрамының, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, Ш.Құдайбердіұлы есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға мұрындық болған.

Айта кетейік, 1-наурыз Елбасы Жарлығымен Алғыс айту күні деп жарияланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз