Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бүгін Қазақстанның кей облыстарында үсік жүреді

145

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай түседі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі, желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Меккеде қажылық кезінде дауыл тұрды

Күндіз Атырау облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі бар. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде —3 градус үсік жүреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз