Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады: шаңды дауыл соғып, кей жерде жаңбыр сіркіреп жауады.
Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің сайтында хабарланды.
Жексенбіде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік шығысында және орталық бөлігінде аптап ыстық болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының басым бөлігінде кешке қарай, жел тұрып, жаңбыр жауады.
Маңғыстау облысында тұман күтіледі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар,Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аумақтарында күндіз аптап ыстық болып, өрт шығу қаупі жоғары болады.