10 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және ортада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан блыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі,
Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.
Қызылорда, күндіз Ақтобе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының жекелеген ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с болады.