Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын жауады, тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, ұйытқиды, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады деп күтіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ күтіледі.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Сондай-ақ Алматы облысының кей аудандарында жаңбыр жауғандықтан, жер асты суы көтеріліп, кейбір елді-мекендерді су алу қаупі бар.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.