17 қыркүйек күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстік-шығыс бөлігінің кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болжанады. Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артатыны күтіледі.