Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып бұрқасын болады

Алматы облысының бірқатар аймақтарында түнде тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 метр/секунд болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Қостанай облысында бұрқасын болып, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде 15-20 метр-секунд жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 метр/секундке жетеді. Батыс Қазақстан облысында бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 метр/секунд жылдамдықпен соғады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз