Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
13
USD
476
+2.82
EUR
514
+5.03
RUB
5.4
0.00

Бүгін – Денис Теннің туған күні

2003 жылы «Хрустальный конек» турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді.

Бірақ халықаралық деңгейде тек келесі жылдан бастап көріне бастады, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болды.

Спорттағы жетістіктері: Ол – 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, 28-ші қысқы Универсиаданың (Алматы-2017) чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.

ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Денистің есімі – ел есінде. Алма­тыда оған ескерткіш, өзі тұрған үйге мемориал тақ­тасы орнатылды. Деректі фильм түсіріліп, Астана мен Алма­ты қалаларында саңлақ спорт­­шыны еске алуға арналған халық­­аралық турнир жыл сайын өтіп тұрады. Оған әлем­нің әр қиы­ры­нан келген атақты мәнер­леп сыр­ғанаушылар қатысады.

Еске салсақ, Денис Тен – 2018 жылы 19 шілдеде қарақшылардың қолынан қаз тапқан еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз