Кенттегі орталық базар аумағында тұтанған қызыл жалынды ауыздықтау өрт сөндірушілерге оңайға соққан жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Түнге жақын өрт басталғанда жаңбыр да себелеп жауып тұрған. Соған қарамастан аптап ыстықта әбден кеуіп қалған тақтайлар өртті өршіте түсті. Отқа оранған нысан базар аумағында орналасқан дәмхананың қоймалары екен. Әзірге қанша шығын келгені белгісіз. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 2 сағат арпалысқан. Бұл іске 30 адам, бірнеше арнайы техника жұмылдырылды. Ақмола облысында аптап ыстық салдарынан осы аптада 4 жерде өрт болды. 40 гектар орман алқабын да тілсіз жау жалмаған.