Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-16
USD
492
0.00
EUR
530
0.00
RUB
5.05
0.00

Бухгалтерлерді қорқытпаңыздар! Еңбек министрлігі кейбір мамандықтардың жойылатынын болжады

фото lika-bo.livejournal.com сайтынан

Атлас авторлары осы арқылы еңбек нарығын болжауды жақсартуға, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын және кәсіби стандарттарды жаңартуға болады деп мәлімдейді.

Мысалы, қазірдің өзінде еңбек нарығының жаңартылған талаптарына бағдарланған кейбір жоғары оқу орындарында мынадай мамандықтар енгізілген:

  • “Робототехника және кіріктірілетін жүйелер (салалар бойынша)” және Робототехникалық жүйелер мен кешендерді жөндеуші-реттеуші”, “Ұтқыр робототехника технигі”, “Өнеркәсіптік робототехника технигі» біліктіліктері
  • “Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы” және “Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар өндірісінің операторы” біліктілігі
  • “Өндірістің аддитивті технологиялары” және “Аддитивті қондырғылардың операторы” біліктілігі
  • “Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе” және “Сыртқы ұшқыш”, “Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді техникалық пайдалану бойынша техник-механик” біліктілігі
  • “Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері” және “BIM-пайдаланушы”,” BIM-техник”, ” Ғимаратты басқарудың зияткерлік жүйелеріне қызмет көрсететін техник» біліктілігі
  • “Жылжымайтын мүлікті басқару” және “Көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы” біліктілігі
  • “Дестинацияны басқару” және “Экологиялық туризм менеджері”, “Туристік қызметтерді ілгерілету жөніндегі менеджер”, “Туристік ақпараттық орталықтың менеджері” біліктіліктері

Кәсіптердің жойылуы тиімсіз

Құжатта таяудағы 5-10 жыл ішіндегі кәсіптердегі өзгерістер болжанып, сондай-ақ 239 жаңа, 95 өзгеретін және 129 жойылып бара жатқан кәсіптер айқындалды.

Мынадай сұрақ туындайды – жойылып бара жатқан мамандықты не ауыстырады? Қазақстан еңбек конфедерациясының Бас хатшысы Мұрат Машкенов қарапайым мамандықтардың жоғалатыны туралы мәлімдеме жасауға әлі ерте екенін айтады.

Мұрат Машкенов

– Мұрат Рахматоллаұлы, сіздің ойыңызша, бухгалтерлерді, кітапханашыларды, даяшыларды кімдер алмастырады. Мұндай мәлімдеме таңқаларлық емес пе?

– Жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы немесе белгілі бір мамандықтардың жоғалуы тақырыбы әртүрлі пікірталас алаңдарында бұрыннан талқыланып келеді. Бұл Қазақстан Еңбек министрлігінің ноу-хауы емес. Бұл туралы халықаралық қауымдастық, соның ішінде ХЕҰ желісі де әлдеқашан айтқан.

Экономикалық және шаруашылық қызметтің белгілі бір түрлері шынымен де бүгінгі күні жаңа технологияларды пайдалана отырып цифрландыруға көшуде. Әрине, бұл кейбір қызмет түрлерінің немесе жекелеген жұмысшылардың қысқаруына әкелуі мүмкін.

Бірақ қазір Қазақстанды айтпағанда, тіпті дамыған Еуропада да,  қандай да бір кәсіптің жоғалатыны туралы айту ерте

Себебі технологиялық прогрестің өсуі баяу жүріп жатыр. Мысалы, жүргізушілердің жолаушыларды қоғамдық көлікпен және такси қызметімен тасымалдауы сияқты қызмет түрінің ұшқышсыз көлікті дамыту есебінен жоғалатыны туралы айтылуда. Ал, сіз мұнайлы Қазақстанда осы сектордың дамуын қалай елестетесіз? Бүгін

әлемде жаңа отын түріне немесе ұшқышсыз көлікке тез ауысуға мүмкіндік бермейтін қуатты мұнай және газ лоббиі бар

Әрбір қызметтің артында қуатты қаржы топтары тұрғанын естен шығармау керек.

Жоғары технологиялар бухгалтерлерді немесе даяшыларды алмастыруы үшін үлкен инвестициялар қажет. Мемлекеттің оған ақшасы жоқ, ал бизнес бұған бармайды

Бүгінгі таңда технологияға миллиардтаған қаражат салудан гөрі тірі адамның жалақысын төлемеу немесе қиып тастау оңайырақ. Сонымен қатар, олардың қандай әсері болатынын әлі белгісіз. Сондықтан ол күндердің ауылы әлі алыста.

Нарық кімдердің жұмыс істейтінін өзі шешеді

– Бірақ шенеуніктердің мәлімдемелеріне қарасақ, шартты түрде бухгалтерлер көп ұзамай жұмыссыз қалатын сияқты. Демек, мамандықтың беделі төмендей береді. Көп ұзамай бухгалтерлер тапшы болып жүрмей ме? Қазіргілері зейнетке кетеді, ал жаңалары дайындалмай ма?

– Мемлекеттің айтқаны, әрине, адамдарға бүгінгі таңда қандай қызмет түрлері сұранысқа ие екенін түсінуге мүмкіндік береді. Осыдан 15 жыл бұрын Қазақстанда дипломы бар заңгерлер мен экономистердің саны көп болды. Егер елдегі заңға бағыну немесе экономикалық қызмет әлі де жақсармағанын ойласақ, олардың бәрі сұранысқа ие болды ма?

Егер мемлекет барлық еңбек процестерін басқара алатын болса, танымал мамандықтар құрамындағы сұраныстың күрт өсуі туралы айтуға болар еді. Бірақ біздің елімізде еңбек эволюциясы нарықтың жазылмаған заңдарымен реттеледі. Технологиялық дамуы Қазақстанға қарағанда жоғары тұрған Жапония мен Қытайдың өзінде де көптеген қызмет салаларында адам еңбегін әлі ешкім алмастыра алмады. Адам факторы болды, қазір де бар және болады. Иә, болашақта мамандықтар арасында өзгеріс болатынын жоққа шығармаймын. Бірақ қызмет көрсету саласында емес.

Жоғары технологиялық өнеркәсіптік бағыттардағы динамиканы болжау қиын. Мұнда электрлік немесе сутегі қозғалтқыштарына ауысудың экономикалық көзқарастарынан басқа, саяси себептері де бар.

Өндірістен – таксиге

— Егер жоғары білім талап етілмейтін және негізінен әртүрлі себептермен ғылымды көп қажет ететін мамандықтарды игере алмайтын адамдар жұмыс істейтін қарапайым мамандықтар жоғалып кетсе, бізде жұмыссыздардың үлкен армиясы пайда бола ма?

— Бұл әбден мүмкін, оны жоққа шығаруға болмайды. Кез-келген өзгерістің — технологиялық, экономикалық немесе саяси – әрқашан салдары болады. И”, Халыққа қызмет көрсету саласында адам жұмысын роботпен алмастыру өте қиын. Бірақ өнеркәсіп саласында көптеген жұмыстар автоматтандырылып, тіпті  дипломы бар және тәжірибелі инженерлер мен операторлар сұранысқа ие болмай қалып жатыр.

— Яғни, жоғары білімі бар адамдар санының қысқаруын алып келе ме? Такси жүргізушісі болу үшін шартты түрде университетті бітірудің қажеті жоқ қой.

– Әрине. Өнеркәсіптік өндірістегі жұмысы үшін алатын жалақыдан да үкөбірек табыс табуға болады.

Бұл кадрлар қайда жұмысқа барады? Ғылымды қажет ететін мамандықтарды ұзақ уақыт бойы қайта оқуға ма, әлде қызмет көрсету саласына ма. Мұнда жоғары білім туралы диплом мүлде қажет емес. Адамдардың көпшілігі қандай таңдау жасайтынын біліп тұрмын.

Дипломның емес, байлықтың беделі

– Осыдан жоғары технологияларға көшумен бірге жоғары білімі бар мамандар да азая береді деген қисынды пікір келіп шыға ма?

— Бүгін қызықты үрдіс қалыптасты. Бұрын дипломы бар адам беделді болатын.

Кеңес азаматтарының барлығы дерлік жоғары білімді болды. Өмір осы дипломдардың барлығы қарапайым қағаздарға айналғанын көрсетті,

ешқандай құндылығы жоқ. Әсіресе 90-шы жылдары мамандар – дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер — басқа қызмет салаларында еңбек етті.

Бұл нарық заңы – адамдар үнемі жоғары табыс әкелетін жұмыспен айналысады

Еңбек кадрлары арасында танымал болған білім немесе регалия емес, қысқа мерзімде өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігі болды.

Диплом алғаннан кейін адам бірден маман болып шықпайтынын түсінуі керек, лайықты жалақы алу үшін тәжірибе жинауға бірнеше жыл жұмсауға тура келеді. Сондықтан, қазіргі әлемде жұмысшылардың көпшілігі өздерінің ғылымды қажетсінетін қызметінен келетін болашақ дивидендтерімен емес, бүгінгі өмір сүру мүмкіндігімен ынталандырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз