Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Brent мұнайының бағасы $48 асты

WTI маркалы мұнай баррелі 1,3пайыз, 46,81 долларға дейін қымбаттады.

Goldman Sachs болжағандай, Нигериядағы құбырларды шабуылдау және Канада ормандарындағы өрт ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан кейін мұнай өндірісінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Сарапшылар келесі жылдың басында Иран мен Ирактағы мұнай өндірісінің артуымен, Ресей, Сауд Арабиясы, БАӘ және Кувейтте шығыны аз мұнай өндірісінің өсіміне байланысты  нарықтағы ұсыныс көп болады деп күтуде.

Компания сарапшылары мұнай баррелінің бағасы 2017 жылдың соңына қарай 60 долларға дейін өседі деп болжап отыр.

Goldman Sachs баяндамасында жазылғандай, ағымдағы жылдың екінші жартысында мұнайға деген жаһандық сұраныс айына 1,4 млн баррельге жетуі мүмкін. Осыған дейін инвестициялық топтың сарапшылары әлемдік сұраныс күніне 1,2 млн баррель болады деп болжаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз