Британиялық таблоидтардың ақпаратына сүйенсек актер Брэд Питтің жаңа сүйіктісі пайда болған. Ол актердің экс-әйелімен әріптес болған 21 жастағы актриса Элла Пернелл екен.
Журналистер жақында Брэд Питтің актриса Элла Пернеллмен бірге жүргенін байқап қалған. Олар қазір Стефан Данлер жазған кітап желісі бойынша түсіріліп жатқан кинода бірге жұмыс істеп жатыр екен. Питт атқарушы продюсер болса, Пернелл басты рөлдердің бірін сомдайды.
Бір-бірімен табысып, бірге уақыт өткізгендері үшін екеуі де өздерін бақытты сезінеді дейді батыстық ақпарат көздері. Кезінде Анджелина Джоли мен Элла “Малифисенте” фильмінде бірге ойнаған болатын.