Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бразилияның бұрынғы президенті 9,5 жылға сотталды

Бұл Бразилия тарихында мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталған алғашқы жағдай.

Сот үкімі Лула да Силва таяу уақытта қамауға алынатынын білдірмейді. Бразилиялық заңнамаға сәйкес, сотталушы апелляцияға берген жағдайда, айыптау үкімін екінші инстанция соты растамайынша ол бостандықта болады.

Бұл әзірге бірінші инстанция шешімі. Қылмыстық іс Гуаружа (Сан-Паулу штаты) курорттық қалада орналасқан үш деңгейлі пәтерге қатысты болды. 2016 жылғы қыркүйекте президентке 3,7 млн реал (сол кездегі бағам бойынша 1,1 млн доллар) сомасында ақша жымқырды және сыбайлас жемқорлыққа барды деген айыптар тағылды.

Қазіргі уақытта Лула да Силва сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағы 4 қылмыстық істің фигуранты болып отыр.

Бразилиялық заңнамаға сәйкес, егер экс-президент аталмыш процесстердің бірі бойынша айыпты деп танылса, ол сайланатын лауазымдарға үміткер болу құқығынан айырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз