Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бразилияда төбедегі күн үшеу боп, елді шошытты (фото, видео)

101

Бразилиялықтар табиғаттың ерекше құбылысын 26-ақпанда тамашалаған. Күннің айналасында пайда болған шеңбер осы штаттың астанасы — Флорианополисте және жақын маңдағы тағы бірнеше қалада көрінген.

https://kaz.365info.kz/ne-bop-ketti-zhelide-tabigattyn-tylsym-khybylysy-tysirilgen-video-tarap-zhatyr-283319

Таң қалған бразилиялықтар оны суретке, видеоға түсіріп, желіге салған.

Кейбірі мұны жақсылыққа жорыса, тағы бірі, керісінше жамандыққа жорып, шошыған.

Бағзы заманда мұндай табиғи құбылыс адамдар арасында үрей мен қорқыныш туғызған. Ғылым терең зерттелмегендіктен, адамдар оны жамандық шақыратын Құдайдың белгісі деп қабылдаған. Тіпті, ол саяси шешімдердің қабылдануына да түрткі болған. Мәселен, 1551 жылы Магдебургті жаулауға аттанбақ болған Карл V-ші патша аспандағы осындай құбылысты көріп, райынан қайтқан.

https://kaz.365info.kz/o-t-stikte-tabi-aty-tamasha-zherge-arab-shejhy-kottedzh-salyp-zgelerdi-kirgizbej-oj-an-video-225995

Шындығында, күннің айналасындағы шеңбер күн кемпірқосағы деп те аталатын табиғи құбылыс. Күн суық боп, ауада көп мұз кристиалдары болғандықтан әрі ылғал тым жоғарылағанда күн сәулесі оларға шағылысып осындай түрлі-түсті шеңбер пайда болады. Ғалымдардың айтуынша, оның ешқандай қаупі жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз