Мына кәрістің жігіттері қазақ жігітіне видеореакция жасап көруге ниеттеніпті. Бұл әрекеттері сәтті шығып, олардың видеосы Ютубта 266 мың рет қаралып, хит болған.
Опера-2 әнін орындау үшін сахнаға шыққан Димаштың оларға бетіндегі бояу ұнамай қалған сияқты. „Боянып алған ба„ – дейді олар жақтырмай бір-біріне қарап басында.
Әрине, күрделі. Кит үніне ұқсатады өздері шыңғыратын жерін. Бірақ ол да ұнамаған секілді. Нағыз еркекпіз деп отырған бұларға жалпы қазіргі жастардың нәзік боп бара жатқандары ұнамайтын секілді. Мысалы, бізде „шашын бояды, сырға тақты„ деп 91-тобын сөгеді ғой. Тура сол секілді сыни пікірдегі адамдар секілді. Өздері шиқылдап, күліп те алады басында мәре-сәре боп…
«Сұмдық екен…». Singer жеңімпазы Джессидің өзі Димашты көргенде аузын ашты (видео)
Бірақ Опера-2 әнінен соң француз тілінде орындаған Димаштың әнін тыңдағанда олардың пікірі кілт өзгереді.
Таң-тамаша боп, ауыздарын ашады. Осылайша қазақ жігітіне күліп отырып, ақырында кәрістің жігіттері естерін жия алмай қалады.
Мұны негізі көру керек!..
«Ал қайтесің?..». Singer ұйымдастырушылары Димашқа не істегенін білесіз бе? (видео)