Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Борат» фильмі шетелдегі қазақтардың кемсітушілік пен қорлауға ұшырауына себеп болды

768

Бұл туралы белгілі карикатурист-суретші Ерден Зікібай мәлімдеді. Ол Қазақстанға  «Борат» арқылы жасалған пиар сол жердегі балалардың көз жасына тұрмайды деп есептейді. Ойдан шығарылған қазақ туралы фильм шын мәнінде шетелдегі қазақстандықтарды қорлау құралына айналды.

Коэн шығармашылығының  сыншыларын екіжүзді «айқайшыл патриоттарға»  теңеуге болмайды деп санайды ол. Суретші

Саша Барон Коэннің алғашқы фильмі шыққаннан кейін Қазақстаннан АҚШ-қа асырап алынған балалар қоғамда және мектептерде қатты қудалауға ұшырады

дейді. «Егер бір-бірімізді естімейтін болсақ, жанашырлық танытпасақ, ешқашан азаматтық қоғам құра алмаймыз», —дейді суретші.

Сатира мен пародия — дұрыс қоғамның белгісі

Ерден, біз қымбат мемлекеттік пиар-жобалардың Қазақстанның имиджін көтеруде аса пайдалы болмайтынына үйреніп қалдық. Сол мемлекеттік бағдарламаларға қарағанда біздің спортшыларымыз елді танытуда әлдеқайда көбірек жұмыс жасады. Бірақ, Борат Сағдиевтің елесі 14 жылдан бері қазақтардың соңынан қалар емес. Бұл шетелдік комедия елді танытудың бір жолы болып кеткендей. Сіз карикатурист-суретші ретінде бұл туралы не ойлайсыз?

— Белгілі бір әзіл мен стереотиптер адамдардың қиялында орнығып қалады. Кез келген адамнан чукчалар туралы сұрасаңыз, бәрі олар туралы жағымсыз, кемсіту әзілдерін еске түсіреді. Бірақ осы адамдардың шыныменде  қандай екені туралы ешкім ойланбайды.

Қазақстан сияқты әлі де көп адам біле бермейтін елге пиар қажет, бірақ оны ақылмен жасау керек. Мысалы, неміс Гете институты мен француздық «Альянс Франсез» өз елдерінің тілдері мен мәдениеттерін бүкіл әлемге насихаттап, өзара құрмет пен мәдениетаралық көпірін құруға тырсады.

Сатира мен пародияның болуы дұрыс және сенімді қоғамның белгісі. Мысалы, 2014 жылғы Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постердің өткір сынға ұшырауы, біздің мұндай батыл және ашық шығармашылыққа әлі дайын емес екенімізді көрсетті. Бірақ Боратқа қатысты жағдай мүлдем басқа.

Фильмнің «Қазақстан» аталуы кездейсоқ жағдай. Бұл «Терминал» фильміндегі Кракожия Республикасына немесе Саша Барон Коэннің «Диктатор» фильміндегі Вадия Республикасына ұқсас нәрсе.

Ерден Зікібай. «Өркениеттердің тоғысуы»

Бораттың Қазақстаны – біздің елге жасалған пародия емес. Бұл гротеск кейіпкерлері өмір сүретін ойдан шығарылған мемлекет. Аз этностарға заң жүзінде қысым жасалып, қоғам әйелдерді зорлаудың еш әбестігі жоқ деп саналатын ел. Жылқы зәрін ішетін, тістері сыртқа қарай өсетін, басына қарағанда  арқасында шашы көп, фантастикалық қазақстандықтар Гог және Магог халықтары туралы ортағасырлық аңыздардан шыққан иттерге ұқсайды.

Бірақ

қазақстандық емес, америкалық қоғамға сатира ретінде ойластырылған фильм іс жүзінде шетелдегі қазақстандықтарды қудалау құралына айналды

Әзілдеушінің жаман ниеті болмаса да, ол айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе сексизм мен қысым көрсетуге жиі ұшырайтын әйелдерге қатысты. Сондай-ақ, кішкентай балалар да сатираны түсіне алмайды.

 #CancelBorat кампаниясы

— АҚШ-та Қазақстаннан асырап алынған балалардың бірнеше буыны өсіп үлгерді. Олардың отанына жасалған осындай «теріс пиары» олардың тағдырына қалай әсер етті?

— Мен әлемдегі киноэкрандарға  алғашқы «Борат» фильмі шыққан кезде АҚШ-та студент болдым. Ол кезде 11 қыркүйектегі жағдай көбінің есінен шыға қоймаған еді және «стан» деген қосымшаға аяқталатын түсініксіз елдерге барлығы күдікпен және қорқынышпен қарады.

Фильмнен кейін теріс көзқарас келеке-мазаққа ұласты. Бірақ адамдардың пікірін өзгертіп, шынайы Қазақстан туралы айтатын мүмкіндік пайда болды.

Сол күндері мен Қазақстаннан бала асырап алған америкалық ата-аналардың пресс-релизін оқыдым. Борат туралы фильм теледидардан жаппай көрсетілді. Қазақстан туралы ертегілер балаларды көз жасына себеп болды.

Мен Қазақстанда дүниеге келген көптеген америкалық балалармен сөйлестім және Борат фильмі себеп болған мектептегі қудалау туралы түрлі оқиғаларды естідім. Сонда мен

«Бораттың» Қазақстанға жасаған оң пиары ренжіген баланың көзіне жасына тұрмайтынын түсіндім

 Бораттың құрбандарын елемеуге болмайды

— Елімізде «Бораттың» Қазақстанның имиджіне ықпалы туралы пікірлер әртүрлі. Шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер әлеуметтік желілерде #cancelBorat науқанын ұйымдастырды. Олар Борат туралы екінші фильмнің шығарылмауын талап етеді. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

— #CancelBorat науқаны Борат-2-нің шығарылмауына себеп бола қоймас. Бірақ кем дегенде, бұл шетелдіктердің хабардарлығын арттырады. Қазақстандықтар өз сезімдері мен проблемалары бар, Борат туралы әзіл-қалжыңдарға намыстанып, жаны жараланатын тірі адамдар екенімізді барлығы түсінеді.

Егер біреуге Борат ұнайтын болса, бұл оның жаман адам екенін білдірмейді. Бірақ егер ол біреудің фильм үшін қудаланғанын естіп, бірақ бұл дәлелді елемей, Боратты ақтайтын болса, ол жай ғана рақымсыз адам деген сөз.

Мен Борат туралы әзілдерді елемейтіндердің басқаларға қарап не себепті таңырқайтынын білемін. Бірақ Коэннің шығармашылығының барлық сыншыларын екіжүзді «айқайшыл патриоттарға» теңеу – дұрыс емес. Егер біз бір-бірімізді тыңдамай, жанашырлық танытпасақ, біз ешқашан азаматтық қоғам құра алмаймыз.

Бораттың апологеттері бірігуге және «нақты мәселелерді» шешуге шақырады. Бірақ саған жаны ашып, сенің проблемаларыңа тиісті баға бере алмайтын адамдармен бірігу қиын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз